Украинада  парламент таратылды

/uploads/thumbnail/20170708153627434_small.jpg

Украина президенті Петр Порошенко осы елдің парламенті - Жоғарғы Раданы таратып, парламент сайлауын 26 қазан күні өткізуге жарлық шығарды. Бұл шешімі жайлы ол Twitter-де хабарлаған.

Poroshenko

Заң бойынша, сайлау жарлық шыққан соң 60 күн ішінде ұйымдастырылуы тиіс. Азаттық радиосының жазуынша Порошенко парламентті таратудан бірнеше сағат бұрын телефонмен Еуропа кеңесінің президенті Херман ван Ромпеймен сөйлескен. Әңгіме барысында Порошенко 25 тамыз күні елдің шығыс бөлігіне ресейлік танкілер кіргеніне алаңдаушылық білдірген.

Бүгін, 26 тамыз  Минскіде  Порошенко Ресей президенті Владимир Путинмен және Еуропа Одағының (ЕО) сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы комиссары Кэтрин Эштонмен кездесуі тиіс. Сондай-ақ Беларусь астанасында "Кеден Одағы-ЕО-Украина" форматындағы отырыс болатыны да хабарланған. Оған Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев та қатысады. Бұл кездесулерде Украина дағдарысын шешу жолдары қарастырылады. Киев пен Мәскеу арасындағы газ проблемасы да талқыланатыны айтылды. 

Қамшы-ақпарат

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар