Түркияның Анкара қаласында орналасқан Ататүріктің құрметіне салынған Антқабырде түрік еріктілері рекорд жасады. Бұл туралы ТРТ-қазақ арнасы жазды. Жеңіс апталығы аясында ұйымдастырылған іс шара қарсаңында Ататүріктің мавзолейіне рекорд акциясына қатысқандар ұлы көсемнің бейнесін қалыптастырды. Еріктілер шамамен үш сағаттық еңбекпен Ататүріктің бейнесі мен қолтаңбасын салып шыққан.
Рекорд шарасы барысында Түрік Қарулы күштерінің оркестрі де патриоттық әндер шырқап, алаңдағыларға серік болды. Алаңдағы шара тікұшақ арқылы түсірілді.
Бұл шара негізінде фотограф Джумхур Айгүннің жобасы. Жобаға қатысуға қара түсті киім киіп, қолдарын жоғары көтеріп, жүрек пішінінде бірлестірген мыңдаған адам Гиннесс лауазымдыларының алдында әлемдік рекорд жасады.


Рекорд жасауға Аныткабірге сегіз мың екі жүз елу үшін адам келген. Аталған шара 26 тамызда өтті.
Қамшы-ақпарат