Оралда жанармай құю үшін көліктер қозы көш жерден кезекке тұрды

/uploads/thumbnail/20170708153822293_small.jpg

Оралда 28 тамыз күні күндіз жанармай құю бекеттерінде шақырымдарға созылатын кезек пайда болды, - деп хабарлайды жергілікті басылымдарға сілтеме жасаған Tengrinews.kz.  Орал қаласы бойынша көлік отыны тек бірнеше бекетте ғана талонсыз сатылып жатыр екен, сол себепті ол бекеттердің алдында ұзын-сонар кезек қалыптасқан. Кейбіреулер кезекке таң қылаң бергеннен тұрған.

Оралдың жанармай бекеттерінде ұзын-сонар кезек қалыптастыОралдың жанармай бекеттерінде ұзын-сонар кезек қалыптастыОралдың жанармай бекеттерінде ұзын-сонар кезек қалыптасты

Батыс Қазақстан облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының энергетиканы дамыту бөлімінің бастығы Қансұлу Өтепқалиева бүгінде АИ-92 маркалы бензиннің қаладағы қоры - 1087 тонна ғана екенін айтқан. Тағы 15 вагон отын Тұзтөбе (Соль-Илецк) маңында тұр, олардың әрқайсысына 60 тонна тиелген. "Уральская неделя" басылымының хабарлауынша, мамандар жанармай тапшылығының қараша айына дейін шеше алмайды, себебі Ресейдің бізге жақын мұнай өңдеу зауыттарында жанармайды жіберу жөніндегі сауда тек екі айдан соң өтеді, қазақстандық зауыттар ішкі нарықты қанағаттандыра алатын көлемде жанармай өндіре алмайды. 

Қамшы-ақпарат

 

Қатысты Мақалалар