Ел кетсін дейді, Елбасы не дейді?

/uploads/thumbnail/20170708153918452_small.jpg

Бүгін Астанада бір топ белсенді Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа энергетика министрі Владимир Школьникті қызметінен босатуды талап етіп, хат жолдады. Бұл туралы «Азаттық радиосы» хабарлады.

Аталған сайттың хабарлауынша, хат авторлары Назарбаевтан Қазақстанда атом электр станциясын салуға мораторий жариялауды, Байқоңыр ғарыш айлағынан гептил отынын пайдаланатын «Протон» зымырандарын ұшыруды тоқтатуды, «басқа мемлекеттерді Қазақстанның ішкі ісіне араластырмауды» және «өзге мемлекеттің мүддесіне жұмыс істейтін адамдарды басшылық қызметке қоймауды» талап еткен. Арасында «Антигептил» қозғалысының мүшелері бар оннан аса адам президенттің атына жазылған хатты Ақорда алдындағы хатқа арналған жәшікке салған соң тараған.

Естеріңізде болса, 6 тамыздағы үкіметтің кеңейтілген отырысында министрліктер қысқартылып, қайта жасақталды. Осы қайта құрылымдауда 2009 жылдан «ҚазАтомӨнеркәсіптің» тізгінін ұстап келе жатқан, Мәскеуде туылған Владимир Школьник  Қазақстанның энергетика министрі болып тағайындалған еді. Осыдан кейін оның саяси қадамдарын Қазақстанға тиімсіз санайтын бір топ ұлтшылдар аталған шендіні қызметтен алу турлы билікке мәлімдеме жазған болатын. Көп қазақ тілді сайттармен бірге біз де бұл хатты жариялағанбыз. Ұлтшылдар Школьникті Ресей мүддесіне жұмыс істейді деп санайды.

Ал, бұған дейін, 2012 жылы Forbes Kazakhstan басылымы Қазақстанның ең бай 50 адамының тізімін жариялағанда, оның ішінде жоғарыда аты аталған шендінің баласының есімі де бар еді. Тізімде 40 орында болған, Игорь Школьник  $101 млн қаржының иесі екен. Ол қазір бар болғаны 33-ақ жаста.

“Қамшы” сілтейді

Қатысты Мақалалар