Ежелгі қазақ әйелдерін жалаңаш етіп бейнелеген суреттер дау туғызды (ФОТО)

/uploads/thumbnail/20170709230419754_small.png

Қазақ әйелдері ежелден әуретті жерін ашу былай тұрсын, ер адамға шашын да көрсетпеген. Бұл сан ғасырлар бойына ұлт бойында қалыптасқан тәлім-тәрбиенің жемісі. Алайда орыс суретші Николай Хлудовтың картинасында бәрі керсінше суреттеледі. Оның туындылары әлеуметтік желі қолданушыларының ашуын туғызып отыр.

Суреттер 19 ғасырдағы қазақ қоғамын бейнелейді. Нақты айтқанда қазақ әйелдерінің жартылай жалаңаш суреттері салынған. «Қамшы» порталы орыс суретшісінің туындыларын назарларыңызға ұсынады.

Желі қолданушылары бұл суреттер қазақ халқының намысына тиіп, масқаралау мақсатында салынған деген пікір білдіруде. Ал өнертанушы Валерия Ибраева болса, даулы картиналарды шындыққа жанасады деп отыр. Оның пайымдауынша, Хлудов көргенін салған. Яғни өздігінен ештеңе ойлап тапаған-мыс.

 

Қатысты Мақалалар