ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев депутаттық каникул мерзімін қысқарту туралы шешім қабылдауға шақырды. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды. Бесінші шақырылған Парламенттің төртінші сессиясының ашылу барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жазғы депутаттық каникул мерзімін қысқарту туралы айтқан болатын.

«Мен Мемлекет басшысының депутаттық каникул мерзімін қысқарту туралы өтінішіне түсіністікпен қарап, тиісті шешім қабылдаймыз деп сенемін. Сонымен қатар, бізді алда ауқымды әрі жүйелі жұмыс күтіп тұр, сондықтан да біз үлкен жауапкершілікті терең сезініп, осы бағытта белсенді жұмыс атқаруға тиіспіз», - деп сөз сөйлеген Қ. Тоқаев бүгін палатаның жалпы отырысында. Сондай-ақ, Сенат спикері еліміздің алдында тұрған стратегиялық міндеттерді шешуде Парламент пен Үкіметтен үйлесімді және жауапты жұмыс талап етілетінін атап өткен.
Қамшы-ақпарат