Көштің жайын Оразалин айтады

/uploads/thumbnail/20170708154031989_small.jpg

Оралмандар мәселесін жиі көтеріп жүрген ақын Ауыт Мұқибек өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында төмендегідей жазба жариялады: "Өткен жұма күні Қос Палатаның қос күреңі - қос Нұрекеңе - Нұралан Оразалин мен Нұртай Сабильяновқа кіріп шығуды өтінгем. Бүгін Нұрлан Мырқасымұлының кабинетінде болып, алда талқыланатын Көші-қон Заңы жөнінде сөйлестім. Жыл басынан бері тұрақты тіркеуге тұруда қандастарымызды титықтатқан Үкіметтің атың өшкір "НОМЕРІ 111" Қаулысын өзгерту туралы Үкіметке Депутаттық сауал жіберуін өтінген хат тапсырдым. Мына қызыл бәледен (справкадан) құтқаруын өтіндім. Нұрлан аға бұл ұсынысыма келісім берді.

Ал, Нұртай Салихұлы қолы тимей жатқан болуы мүмкін, тел көтермей тұр. Көмекшісі де алмайды. Тұстен кейін немесе ертең тағы хабарласам ол кісіге."

Естеріңізде болса, біз бұған дейін ақынның 18 тамыз күні Президент кеңсесінің бастығы Махмұт Қасымбековтың қабылдауында болып, өзгертулер мен толықтырулар енгізілгелі жатқан Көші-қон заңына қатысты ұсыныстарын жеткізгені туралы жазған болатынбыз. Бұл жолы да Ақынның үміті ақталып, Оразалин үкіметке депутаттық сауал жолдайды деп сенеміз.

Қатысты Мақалалар