Қазақстан халқының әл-ауқаты 15 есеге жақсара түсті, бұл туралы Tengrinews.kz ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлады.
"Біздің Тәуелсіздігімізге 20 жылдан сәл ғана асты, ал осы жылдары еліміздің экономикасы 16 есеге өсіп, халықтың әл-ауқаты 15 есеге жақсара түсті, бүгінде алтын-валюта сақтық қоры 100 миллиард доллардан асады, мемлекетің қарыздары аз", - деп атап көрсеткен ЕлбасыҚазақстан-Иран бизнес-форумы барысында.
Сондай-ақ Елбасы Бүкіләлемдік экономикалық форумның бәсекеге қабілетті биылғы ғаламдық есебінің нәтижелеріне сай Қазақстан 144 елдің ішінде 50-орынға орналасқандығын да атап өткен. Елбасының айтуынша, келесі жылы біздің ел жан басына шаққанда 14 мың доллар болатын көрсеткішке жетеді.
Қамшы-ақпарат