Тас ғасырының адамы: жабайы табиғатпен бетпе-бет келген блогер елді таңқалдырды

/uploads/thumbnail/20170710002600743_small.jpg

2015 жылы мамыр айында  youtube.com әлеуметтік желісінде аты-жөні белгісіз автор Солтүстік Австралияда орналасқан ормандардың бірінде үй салып, жабайы табиғатта өмр сүрудің алғы шарттарын өзінің көрермендеріне түсіріп көрсете бастаған болатын. Екі жыл бойы оның алғашқы  видеосын 18,7 миллион адам көріп тастаған.  Бұл туралы «Қамшы» порталы lenta.ru-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Ал бүгін аты-жөні белгісіз блогердің көрермендері өсіп, көптеген видеожазбалар түсіріліп үлгерген. 

Primitive Technology каналының видеоларын бірінші рет көрген көрерменге жабайы табиғатта тірі қалудың амалдарын жасап жүрген адам болып көрінуі мүмкін. Алайда бұл блогер өзінің шын есімін жасырып, тілдесу, сұхбаттардан қашады екен.

Автордың айтуынша ол орманда тұрмайды, тек өзінің жұмыстарын жасау үшін сонда барып тыныштықта отырғанды жақсы көреді екен.

Блогер түсіретін видеолардың ерекшелігі – сөзсіз жазбалар жасауы. Яғни, автор видеода мүлдем сөйлемейді.

Видео астында толық түсіндірме жазбасын қалдырады. Онда жабайы табиғатта қалай өмір сүруге болатын, үйді қалай салуға болатынын, тамақтануға, белгілі-бір құралдырды жасауға үйретеді.

Қару-жарақ жасауды ұнататын блогердің қанжығасында таза табиғи қолдан жасалған садақ, садақ оқтары және т.б бар.

Видеожазбаларының бірінде австралиялық блогер жабайы табиғатта тамақтану жайында: судан балық, сушаянды қалай аулау керектігін түсіндіреді.

Бұл видеожазбалардың астына көп қолданушылар өздерінің жақсы пікірлерін қалдырып, авторға таңқалыстарын жасырмайды. Қазіргі кезде элект энергиясына, интернетке тәуелді адамдар қарапайым от жағудың өзін білмейді дейді қолданушылар.

Primitive Technology  YouTube желісіндегі танымдық әрі пайдалы каналдардың бірі ретінде бағаланып, қолданушылардың көңілінен шығып отыр.

Қолданушылар тарапынан «Енді мен орманда жалғыз қалып үй салуды, картоп өсіруді де біліп алдым. Рақмет саған үнсіз блогер» деген секілді пікірлер көп кездеседі.

Қатысты Мақалалар