Әйгілі орыс ақыны Евгений Евтушенко мерейтойы қарсаңында өмірден озды

/uploads/thumbnail/20170710002614352_small.jpg

Әйгілі орыс ақыны, 150-ге жуық еңбектің авторы Евгений Евтушенко 85 жасқа қараған шағында АҚШ-тағы ауруханалардың бірінде жан тапсырды. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлайды.

Евгений Евтушенко 18 шілдеде 85 жасқа толатын еді. Ол мерейтойы қарсаңында Ресей, Беларусь және Қазақстанды аралап гастрольдік сапар жасамақ болған. Ақынның мерейтойына арнап өткізілмек болған фестивальдың бас продюсері Сергей Винников Евтушенко өзін Переделкино кентіндегі Борис Пастернактың бейітінің қасына жерлеу туралы өсиет қалдырғанын айтқан.

Евгений Евтушенко 1932 жылдың 18 шілдесінде дүниеге келген. Алғашқы өлеңін ол 1949 жылы жариялады. Ал үш жыл өткеннен кейін "Разведчики грядущего" деген атпен алғашқы кітабы шықты. 1991 жылдан бері ол АҚШ-та өмір сүріп келген.

Айта кетейік, 31 наурызда Евтушенконың АҚШ-та ауруханаға ауыр халде түскені хабарланған.

2015 жылы Евтушенконың жүрегіне операция жасалып, кардиостимулятор орнатылған. Оған дейін 2013 жылы дәрігерлер ақынның оң аяғын кескен еді.

Евгений Евтушенко – атақты орыс ақыны, КСРО мемлекеттік сыйлығыныі лауреаты. Испания мен Американың өнер шығармашылық академиясының құрметті мүшесі. Питсбург университеті мен Санта-Доминго университеттерінің профессоры болған. Көптеген өлеңдер мен прозалық жинақтардың, киносценарийлердің авторы. Оның туындылары әлемнің жетпістен аса тіліне аударылған.

Қатысты Мақалалар