Сондерс Головкинмен өтуі мүмкін жекпе-жектің қайда және қашан болатынын айтты

/uploads/thumbnail/20170710002642040_small.jpg

Америкалық белгілі бокс сарапшысы Дэн Рафаэль Espn.com басылымына WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен осы салмақтағы WBO белбеуінің иегері ұлыбританиялық Билли Джо Сондерспен өтетін жекпе-жекке қатысты мәліметтерді айтып берді деп хабарлайды Vesti.kz.

Оның айтуынша, GGG - Сондерс жекпе-жегі Ұлыбританияда өтпейді. "Келіссөздерге қатысты мәселелердің барлығы шешілсе, кездесу 10 маусымда Қазақстанда өтеді"

Айта кетейік, осы аренада Головкин басқа бір ұлыбританиялық юоксшының - Келл Брукпен жекпе-жек өткізген болатын. Кездесу 2016 жылы 10 қыркүйекте өтті және бесінші раундта Бруктың командасы шаршы алаңға сүлгі лақтырғаннан кейін, кездесу тоқтатылды. Бұл жекпе-жектің видеосын мына жерден көруге болады. 

Осыған дейін, америкалық белгілі бокс сарапшысы Дэн Рафаэль Espn.com басылымына берген сұхбатында Головкин-Сондерс жекпе-жегінің қашан және қайда өтуі мүмкін екенін айтты. Оның айтуынша, GGG - Сондерс жекпе-жегі Ұлыбританияда өтпейді. "Келіссөздерге қатысты мәселелердің барлығы шешілсе, кездесу 10 маусымда Қазақстанда өтеді" Еске салайық, қазақстандық боксшы бүгін, 19 наурызда Нью-Йоркте америкалық Дэниэл Джейкобсты ұпай айырмасымен жеңген болатын.

Инсайдерлік ақпарат бойынша, БАҚ беттерінде Головкин - Сондерс жекпе-жегі Астанада 17 маусымда EXPO-2017 халықаралық көрмесі күндері өтетіні хабарланды. Қазақстандық боксшы мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы жекпе-жек қыркүйекте өтеді деп болжанады, алайда келіссөздер әлі де жүріп жатыр.

Қатысты Мақалалар