1 сәуір күні әзілдеспек болған әйел 6 жылға сотталуы мүмкін

/uploads/thumbnail/20170710002658259_small.jpg

1 сәуір күні полицей қызметкерлерімен әзілдеспек болған батыс Батыс Қазақстан облысының тұрғыны сотталып кетуі мүмкін, деп хабарлады Терроризммен күрес жөніндегі облыстық штабтың БАҚ-пен байланыс тобы 

1 сәуір күні полицияға әйел адам хабарласып, күйеуінің пойызда кепілге ұсталып отырғанын хабарлаған. Біраз уақыттан кейін қайта қоңырау шалып 1 сәур күніне байланысты қалжыңдамақ болғанын айтады. Алайда, құқық қорғаушылар әйелдің бұл әрекетін заңға қайш деп есептеп, шара қолдану керектігін ескертті.

«Әйелдің жеке басы анықталды. Әзілқой Батыс Қазақстан облысының 30 жастағы тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», — деп хабарлады жедел штабта.

Оған қатысты Қылимыстық кодекстің 273-бабы «Террорлық актісі туралы жалған хабар беру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

Заң бойынша ол алты жылға дейін бас бостанадығынан айырылуы мүмкін.

Қатысты Мақалалар