5 жасында жоғалып кеткен бала 25 жылдан соң анасын тауып алды (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170710002749573_small.jpg

Сару Бриерли 5 жасқа толған кезде ол басқа пойызға отырып, өзінің Калькуттадағы үйінен 1500 шақырым алысқа ұзап кетеді. Бала жол тауып өз үйіне қайтқысы келгенімен үлкен қалада оған көмек қолын созып, жол көрсетер ешкім табылмайды, деп хабарлайды Stan.kz

Сару біраз уақыт көшеде түнеп, сосын жергілікті бала асырап алу агенттігі оған Австралиядан жаңа отбасын тауып береді. Ол отбасы Саруды отаны Үндістаннан алып кетеді. Бала ағылшын тілін үйреніп, асырап алған ата-анасының қасында ержетеді. Бірақ, ешқашан да өз отбасына қайта оралсам деген үмітін үзбейді.

25 жылдан соң Сару Google Earth сервисі туралы естіп, ол арқылы өз үйін іздей бастайды. Ол қаласының атын да, Калькуттаға қай пойызбен келгенін де білмеді. Бірақ, климаты жылы аймақта өсіп, бала кезде хинди тілінде ғана сөйлегенін білді. Және көп адам Саруға Шығыс Үндістан тұрғынына қатты ұқсайтынын айтатын.

Ол спутниктік фотографиялар арқылы өз үйін де тауып алады. Ақырында ол өз анасымен де кездеседі.

Ер адам өзінің өмірі туралы осынау ғажайып оқиғаны “Үйіме дейінгі ұзақ жол” атты кітабында баяндайды.

Және ол туралы 2017 жылы “Оскар” сыйлығының 6 аталымында жеңген “Лев” фильмі түсірілген.

Қатысты Мақалалар