Ауыл шаруашылығы техникасын лизингке қалай алуға болады?

/uploads/thumbnail/20170710002919871_small.jpg

«ҚазАгроҚаржы» АҚ ауыл шаруашылығындағы басты проблемалардың бірі  егін егу, егін жинау жұмыстарына және маусымаралық жұмыстарға қажетті техникалық паркті, сондай-ақ басқа да мамандандырылған жабдықтарды жаңарту проблемасын шешуде аграршыларға қолдау көрсетеді. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

Қазіргі таңда Қазақстанға бүкіл ауыл шаруашылығы машиналарының жартысынан көбі «ҚазАгроҚаржы» компаниясының қаржылай қолдауының арқасында әкелінген. Тек қана өткен жылдың өзінде компания жалпы сомасы 50 миллиардтан астам теңгеге 3 000 бірліктен артық техниканы сатып алуды қаржыландырған.

Лизинг негізінде техника мен жабдықтарды сатып алу мүмкіндіктері жөнінде толығырақ білу үшін «ҚазАгроҚаржы» АҚ орталық кеңсесіне не болмаса оның Қазақстан бойынша филиалдарына баруыңызға болады. Кредит менеджерлері қолданыстағы талаптар, мерзімдері, сыйақы мөлшерлемелері сияқты қызықтыратын барлық мәселелер бойынша сізге кеңес береді. Қаржы лизингісіне техника/жабдық алу үшін жинауға қажетті құжаттар тізбесін ұсынады. Өткен жылдың соңынан бастап ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтардың лизингісіне арналған сыйақы мөлшерлемесі жылдық 19 пайыздан 17,3 пайызға дейін төмендетілгенін атап өткен жөн. Қаржыландыру мерзімі - 10 жылға дейін, аванстық төлемі  техника құнының 15 пайызынан басталады. Сонымен бірге, төлемдерді өтеуге 1 жылға дейін жеңілдікті кезең алу мүмкіндігі бар», - делінген холдинг ақпаратында.

Сонымен қатар, «ҚазАгроҚаржы» АҚ техниканы «Беларуста жасалған» бағдарламасы бойынша қаржыландыруды жалғастыруда. Аталған бағдарлама бойынша Беларусь Республикасының Үкіметі лизинг шарты жасалатын сәтке Қазақстанда қолданыстағы қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 2/3 бөлігін өтейді. Бұл бағдарлама  қазақстандық субсидияларды да алу мүмкіндігін жоққа шығармайды.

Компания арнайы қаржыландыру бағдарламаларын да іске асырады: «Экспрес-лизинг» бағдарламасы - өтінімдердің жеделдетіліп қаралуын көздейді, «Егінжай» бағдарламасы - техниканы алғашқы лизингтік төлем төленерге дейін алу мүмкіндігін береді, «Қайталама лизинг» - бұрын пайдалануда болған техниканың лизингі.

Қоғамның саясатына сәйкес, жағымды іскерлік беделі, кредиттік тарихы, білікті қызметкерлері бар агроөнеркәсіптік кешеннің субъектісі болып табылатын жеке және заңды тұлғалар қаржыландырылады. Жоба қоғамның жарғылық мақсаттарына лайықты болуға, сондай-ақ оның болжамды төлеу қабілеттілігі, рентабелділігі мен қаржыландыру мерзімімен салыстыруға келетін өтелу мерзімі болуға тиісті.

2016 жылғы қаржыландыру талаптарымен салыстырғанда, ағымдағы жылы бюджеттен тыс көздер бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 19 пайыздан 17,3% дейін төмендетілді. Біз ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жүктемесін барынша азайтуға тырысамыз. Осыған байланысты, 2017 жылғы 1 ақпаннан бастап 2016 жылы жасалған барлық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесі  19%-дан 17,3 пайызға дейін төмендетілді.

Сонымен қатар 2017 жылы бизнес-процестерді оңтайландыру іс-шаралары жүргізілді, соның арқасында:

1) Лизинг бойынша өтінімдерді қарау мерзімі 8 жұмыс күніне қысқартылып, 18 жұмыс күн болды (түзетуді есепке алмағанда).

2) Өтініш пен сауалнаманы есепке алғанда, шешім қабылдау сатысында қарыз алушының тапсыратын құжаттарының ең аз пакеті 9 (тоғызға) дейін қысқартылды. Бұрын 12 құжат болған.

Егер өтінішкер үшін белгіленген критерийлерге сай келіп, құжаттардың толық пакеті тапсырылған жағдайда, Қоғам қандай да бір шектеусіз, агроөнеркәсіптік кешеннің барлық субъектілерін қаржыландырады.

Лизингке техника мен жабдық беру кезінде кепіл қажет емес. Ал техника мен жабдық монтажды қажет ететін жағдайларда ғимараттар орналасатын жер телімдерімен қоса, лизинг затының монтажы жүзеге асырылатын ғимарат кепілзат болып табылады.

Қатысты Мақалалар