Мадрид қаласындағы Sagardi мейрамханасының қызметкерлері орыс ұлтындағы қыздардың сауық-кешін ұйымдастыруына рұқсат етпеген. Оның басты себебі, қыздардың орыс ұлтынан болғандығы емес, мұндай кездесулер аталмыш мекеме форматы үшін орынсыз деп танылды, деп хабарлайды Facebook Grupo SAGARDI.
Оның басты себебін Sagardi мейрамханының әкімшілігі Фейсбук парақшасындағы тобында жауап берді.
« Sagardi мейрамханасы бір де бір келушісін ұлтына, нәсіліне, дініне қарап кемсітпеген. Тек 22 жыл бойы ұлттық дәрежедегі салт-дәстүр мен мәдениетті ұстанатын Баскстік азаматтардан тұратын топ. Сондай-ақ, тағамдары да ұлттық өнімдерден тұрады. Мейрамхананың серіктестері, достары мен келушілерінің саны көп. Оның ішінде Мадрид, Барселона, Лондон, Мехико, Порту, Буэнос-Айрес сынды қалаларда орналасқан мейрамханаларда орыс ұлтты достары да бар» делінген SAGARDI тобының Фейсбуктегі парақшасында.
Сондай-ақ, орыс қыздарымен арада туындаған жанжалдың басты себебі, олардың ұйымдастырмақ болған сауық кеші мейрамхананың форматына сәйкес келмейді. Бар себебі – тек сол ғана екен.
Айта кетейік, Sagardi мейрамханасының қызметкерлері орыс қыздарына сауық кешін ұйымдастыруға рұқсат етпеген. Нәтижесінде ұйымдастырушылар «Мадрид тұрғындары Ресейден келген азаматтарды жақтырмайды деп» полицей қызметкерлеріне арыз жазады. Бұл жағдайдан кейін баскстік мейрамхананың иесі қыздардан кешірім сұрайды. Алайда, сауық-кешін ұйымдастырушылар бәрібір басқа ғимаратта өткізеді.