Әбіләзовтың сыбайласы өз кінәсын толық мойындады

/uploads/thumbnail/20170710003226092_small.jpg

 Бүгін Алматының Қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында БТА банкінің бұрынғы басшысы мен қаржы институтының бұрынғы топ-менеджерлеріне қатысты сот отырысы басталды.

Мұхтар Әбіләзовтың сыбайластары өз кінәларын мойындады, деп хабарлайды informburo.kz тілшісі.  Айыпталушылар – БТА банкінің бұрынғы топ-менеджерлері: Жақсылық Жәрімбетов, Қайрат Садықов, және Сәдуақас Мәмеш. Қорғаушылар соттың ең басты айыпталушысы Мұхтар Әбіләзовсыз өтуіне қарсы болған жоқ.

Сот отырысында Жақсылық Жәрімбетов өзіне тағылған айыпты толық мойындады. Ал, Садықов пен Мәмеш ҚР Қылмыстық кодексінің бабындағы көрсетілген айыптауға ішінара келісті.
Бұл жайында олар Алматы қаласы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасы Мартпек Кәкімжановтың қойған сұрағына жауап беру барысында айтты.

Прокуратураның мәлімдеуінше, Әбіләзовтың 12 бөлмесі бар лондондық жекежайда тығылғаны белгілі болды. Сондай-ақ Алматының экс-әкімі Виктор Храпуновтың көмегімен сатпақ болған Нью-Йорктегі жылжымайтын мүліктің  Әбіләзов пен оның туыстарына тиесілі екені анықталды. 

Қатысты Мақалалар