Польша ТУ-154 ұшағының апатқа ұшырауына ресейлік диспетчерлерді кінәлады. Бас прокурордың орынбасары Марек Пощенек Польша прокуратурасы Смоленск ұшақ апатына қатысты Ресей диспетчерлеріне тағылған айыпты алға тартты деп хабарлайды Qamhsy.kz орыстың Коммесант басылымына сілтеме жасап.
Оқырманның есіне салатын болсақ, Польша үкіметі ұшағының 2010 жылы 10 сәуір сенбіде Смоленск облысында апатқа ұшыраған болатын.
Ресейдің аумағында апатқа ұшыраған Ту-154 ұшағында Польша президенті Лех Качиньский зайыбымен, сондай-ақ елдің бірқатар лауазымды тұлғалары болған. Лех Качиньский мен оның әйелі отырған ұшақ апатынан ешкім тірі қалмады. Польша халқы ұшақ апатында қаза болғандарды жоқтап, бір апта бойы аза тұтты.

Смоленскіге бара жатқанда апатқа ұшыраған бұл ұшақта барлығы 95 адам отырған. 60 жастағы Лех Качиньский 2005 жылы Польшаның президенті болып сайланған еді. Качиньский Ресейдің Смоленск аймағындағы Катыньге еске алу кешеніне бара жатқан.
Айта кетсек, 1940 жылы Катынь орманында НКВД-ның қолынан мыңдаған поляк қаза тапқан еді.