Қазақстан саясаткері Ерлан Саиров әнші Димаш Құдайбергенге әлем бейбітшілігінің елшісі атағын беру жөнінде мәселе көтеру керек деп өзінің Фейсбук парақшасында жазған болатын.
«Ұлттық елші. Димашқа әлем бейбітшілігінің елшісі атағын беруді ұсынамын. Кім қолдайды?» деп жазған саясаткер парақшасына.
Еске сала кетейік, Димаш Құдайберген Қытайда өтіп жатқан I am singer байқауында бағын сынап, бірнеше турдан сүрінбей өтіп, финалға дейін жеткен. Оның көрсеткен өнеріне, таланытна тек Қытай ғана емес, бар әлем куә болды, таңданыспен қарады. Әлемге әйгілі тұлғалар Димаш арқылы Қазақстан мәдениетін көре алды. Өз еліміздің азаматтары Димашты қазақ бұлбұлы деп бағалады, әншімен мақтанды.
Сондай-ақ, Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесі қарсаңында Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтеді. Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының хабарлауынша, Димаш Астанада Лара Фабианмен және басқа да ресейлік әншілермен дуэт орындайтын болады.
Пікір қалдыру