Қазақстандық азамат Ақылбек Көпжасаров жайында оның керемет ақылдылығы мен ғалымдар шеше алмаған есепті шешкен деп ақпарат берілген болатын. Осы ақпараттың таралуына көп уақыт болмай сарапшы Павел Экснер оны жоққа шығарды. Бұл туралы МИА «Казинформ хабарлаған.
«Мен Филдсов премиясы Комитетінің атынан сөйлемей-ақ қояйын. Дегенмен де, кез-келген жұмыс тексерістен өтуі керек. Бұл жас жігіт өтірік айтып тұр ма, әлде оны алдап соққан ба белгісіз. Алайда оның жұмысы Еуропалық математикалық қоғам тарапынан расталғаны өтірік. Мұндай жалған ақпараттардан аулақ болыңыздар»- дейді сарапшы Павел Экснер.
Айта кетейік, БАҚ-та Ақылбектің бұл есептің шешімін тауып ол Еуропалық математикалық одақпен расталды делінген болатын. Алайда, сарапшы жағдайдың олай еместігін айтты.
Пікір қалдыру