ҚАЗАҚСТАНДА ЖҰБАЙЛАР НЕКЕСІН ОНЛАЙН ҚИЯТЫН ҚЫЗМЕТ АШЫЛДЫ

/uploads/thumbnail/20170710004045178_small.jpg

Бұдан былай қазақстандықтар некені тіркеуге электрондық өтініш бере алады деп хабарлайды Qamshy.kz

Қазақстан азаматтары бұндай қызметті Үкіметтің электорнды порталы egov.kz-те пайдалана алады. Бұл қызмет аясында бір қалада орналаспаған немесе АХАЖ-ға бірге келе алмайтын жас жұбайлар некелерін онлайн түрде тіркеуге өтініш жасауына мүмкіндік туып отыр.

Некені тіркеуге өтініш беруші egov.kz сілтемесі арқылы өтінім жасайды. Өтінімде ерінің/зайыбының ЖСН көрсету және неке тіркелетін ЖАО тіркеу бөлімін таңдауы керек. Өтініш иесі электронды цифрлық қолтаңбамен 48 сағат ішінде растайды. Одан соң тиісті мекеме өтінішті бір ай ішінде қарайды.

Электрондық өтінім беру үшін екі өтініш беруші де некеге алғаш отырған болуы және балалары болмауы қажет. Екінші және одан кейінгі некені тіркеуге өтінішті портал арқылы беру мүмкін емес. Ерлер мен әйелдер үшін неке (ерлі-зайыпты болу жасы) 18 жас.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар