70 жыл бірге өмір сүріп, бір мезетте қайтыс болған ерлі-зайыптылардың махаббат хикаясы

/uploads/thumbnail/20170710004104538_small.jpeg

Ұлыбританияда 70 жыл бірге өмір сүрген ерлі-зайыпты зейнеткерлер бір мезетте қайтыс болды, деп хабарлайды The Telegraph басылымы.

Басылымның мәліметінше, алдымен 93 жастағы Уилф есімді ер азамат көз жұмса, араға 4 минут салып оның 91 жастағы әйелі дүниеден өткен. Дегенмен, екеуі екі жақта болған.

Зейнеткерлердің туыстары айтқандай, қария әжейдің ауруы соңғы бір жылда асқынып кеткен. Тіпті, күйеуі оны танымай кететіндей дәрежеге жеткен.

29 наурыз күні жергілікті уақытпен таңғы сағат 06:50-де Уилф Рассел қайтыс болған. Араға тура 4 минут салып 5 шақырым қашықтықтағы ауруханада жатқан Вера Лестер де көз жұмды. Ол өзінің күйеуінің қайтыс болғанын естіп үлгермепті.

«Мен әжемнің хәлін сұрап ауруханаға барғанымда, оның көзін аша салып сұрағаны атам болды. Көз жұмар алдындағы ең соңғы сөздері: «Біздің махаббат хикаямыз керемет болды емес пе, иә?», деп есіне түсірді ерлі-зайыптылардың немересі.

Уилф Рассел Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері. Ол осыдан бірнеше жылдар бұрын ақыл кемістігіне байланысты Лестершир графтығындағы қарттар үйінде тұрып келген. Ал, оның әйелі Вера Рассел биыл қаңтардан бері ауруханада төсек тартып жатыпты.

Ерлі-зайыптылар осыдан 75 жыл бұрын танысып, Уилф Италияға қызметке кетпес бұрын екеуі некелерін қиған.  Одан соң Уилф Екіншідүниежүзілік соғыс кезінде Солтүстік Америкаға аттанады. Олардың үш ұлы, 5 немересі, 7 шөбересі, сондай-ақ 2 шөпшегі болған.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар