Жантүршігерлік кісі өлтіру оқиғасы 31 наурызда болған. Осыған дейін де бұл оқиға жайлы агенттік ақпарат берген болатын. Ал, бүгін жаңа деректер жария болыпты. Алматы облысындағы "Асыл Арман" тұрғын үй кешенінде 17 жастағы қызды зорлап, артынша өлтіріп кеткен күдікті тергеушілерге оқиғаның толық мән-жайын айтып берді деп хабарлайды "Қамшы" ақпараттық агенттігі Patrul.kz-ке сілтеме жасай отырып. Қалың жұртшылықтың жағасын ұстатқан оқиғаның мән-жайы жайлы ақпаратты қазақшаға аударып, назарларыңызға ұсынудамыз.
Оқиғаның қысқаша мән-жайы мынандай: әйелі мен күйеуі ұрысып қалған. Нәтижесінде әйелі балаларын алып, Ұзынағаш елдімекеніне жол тартып кетеді. Бірнеше күннен кейін жұмысқа шығуға мәжбүр болған әйел балаларды күйеуінің қасына өз үйіне жібереді. Балаларға бас-көз болсын, тамағын жасап берсін деген ниетпен туысқан қыз Әйгерімді де қоса жіберген көрінеді. Араққа сылқия тойып алған еркек балаларды алаңға ойнауға жіберіп, Әйгерімді дүкенге жібереді. Үйге оралған бишара қызды күш қолдана отырып зорлап, «бәрін айтып беремін» деген бір ауыз айтып қалған оны буындырып өлтіреді. Қылмысын жасырмақшы болып денені кілемге орап, төсектің астына тығып қояды. Әйгерімді жан-жақтан іздей бастағанда қылмыскер қаладан қашуды ойластырады да автобусқа билет сатып алады. Алайда қандықол қылмыскер қолға түседі. Өз кінәсін бірден мойындаған ол болған оқиғаны еш уайымсыз, өкінішсіз тәптүштеп айтып берді. Қылмыскердің айтуынша, бәріне арақ кінәлі екен.
Пікір қалдыру