Метродағы жарылыс кезінде қайтыс болған қазақстандық Максим Арышев сабақты жақсы оқығандықтан қайтыс болды дейді досы

/uploads/thumbnail/20170710004441869_small.jpg

Қазақстандық Максим Арышев Санкт-Петербург метросында болған жойқын жарылыста көз жұмған болатын. 20 жастағы Максим Санкт-Петербург мемлекеттік экономикалық университетінің 3 курсының студенті екендігі анықталған еді. Ал бүгін жарылыс орнында яғни «Сенная плошадь» станциясында ескерткіш тақтайшасы орнатылатын болады деп хабарлайды «Қамшы» ақпараттық агенттігі. Бұл жайында Макимнің досы Роман Зеделашвили өзінің «вконтакте» әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазба қалдырды. «Арышев Максим Витальевич. 18.08.1996 ж. - 03.04.17 ж. Маған бауыр болып еткен адам әрі жай ғана жақсы азамат. Тыныштығымыз мен берекемізді кетірген осы бір бірнеше сағат кезінде Максимді жай танитындар мен достары көп жазды. Барлығы Максиммен қалай қоштасамыз, қандай көмек бере аламыз деп сұрады. Баршаңызға айтарым: қолдауларыңызға көп рақмет! Бүгін яғни сәуірдің 5-сі күні кешкі сағат сегізде «Сенная площадь» станциясында ескерткіш тақтайшасы орнатылатын болады».

Сонымен қатар Максимнің досы Юрий Романов оның өліміне оқу орнын да кінәлап отыр. Оның айтуынша, тәртіп сақталынып, ешкім соңғы пардан қашып кетпегенде Максим де тірі қалатын еді. Себебі сол күні Максим төртінші парға қатыспаймын деп шешіп, күнделікті әдет бойынша метроға отырып үйіне қайтпақшы болады. «Бізде сегіз адам ғана сабаққа баратын. Былайша айтқанда, Максим сабақты жақсы оқығандықтан қайтыс болды» дейді Юрий.
 


 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар