Риверсайдың Калифорния университетінің химиктер тобы өздігінен қалпына келетін электр тоғын өткізетін материал жасап шығарды. Оны смартфондардың дисплейіне қолдануға болады деп хабарлайды «Қамшы» ақпараттық агенттігі Business Insider-ге сілтеме жасап.
Зерттеу жұмыстарының авторы Чао Ван (Chao Wang) 253-ші Американдық химиялық қоғамдастықтың көрмесінде материалдың қатты соққыға төзімділігі мен сызықтарды түсірмейтінін айтты. Сонымен қатар, ол өзінің алғашқы ұзындығынан 50 есеге дейін ұзара алатын қасиетке ие.
Материалдың негізі нековалентті байланыс, яғни ион-дипольді әрекеттестіктен тұрады. Сондықтан, егер ол зақымданса немесе сынса иондар мен молекулалар бір-бірін тартып, сыртқы қабатын қайта қалпына келтіреді.
Пікір қалдыру