Семейде 22 жастағы жігіт із-түссіз жоғалып кетті

/uploads/thumbnail/20170710010408143_small.jpeg

Семейде 22 жасар Бауыржан Шонаев  есімді жігіт із түссіз жоғалып кетті. Бұл туралы «Қамшы» порталы today.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 31 наурызда жас жігіт үйінен шығып кетіп бір сағат ішінде қайтып оралатынын айтып жоқ болып кеткен.

Жігіттің туысқан ағасының сөзіне қарағанда Бауыржанның қайда екені белгісіз.

«Біз оның барлық таныс-тамырларына хабарластық. Ешкім оның қайда кіммен екенінен бейхабар» дейді.

Жоғалған күні Бауыржан сұр түсті киім киген, спорттық үлгідегі шалбар киіп кеткен екен.

Мәліметтерге қарағанда Бауыржан Шонаев Өскеменде жұмыс істеген. Қазіргі уақытта іздестірілу шаралары жүргізілуде.

Қатысты Мақалалар