Гүлшара Әбдіқалықова Масдар институтының ректорымен кездесті

/uploads/thumbnail/20170710010412330_small.jpg

Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Масдар ғылым және технологиялар институтының (БАӘ) ректоры Бехжат әл-Юсуф ханыммен кездесті деп хабарлайды "Қамшы" ақпараттық агенттігі.

Кездесу барысында Мемлекеттік хатшы Г. Әбдіқалықова Қазақстан Біріккен Араб Әмірліктерін Таяу Шығыстағы өзінің жетекші серіктесі ретінде қарастыратынын және өзара қарым-қатынасты дамытуға басым мән беретінін атап өтті.

Мемлекеттік хатшы 2017 жылдың қазан айында екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 25 жыл толатынын айтты. Осы кезең ішінде бірлесіп атқарған жұмыстың орасан зор тәжірибесі жинақталып, әртүрлі салаларда табыстарға қол жеткізілді.

Сондай-ақ, кездесу барысында тараптар ҚР мен БАӘ арасында ғылыми және білім беру ынтымақтастықты кеңейту, оның ішінде: бірлескен конференциялар, тренингтер, семинарлар - Араб өңіріндегі әйелдер істері және технологиялар орталығымен (CWTAR) бірге іс-шаралар ұйымдастыру мәселелерін талқылады.

Қазақстан БАӘ-нің жаңартылатын қуат көздері бойынша саясатына ниеттестік білдіреді және толық қолдайды. Әмірліктердің «таза» энергияны ілгерілету арқылы экономикалық дамуға ықпал ету тәжірибесі оң үлгі болады. Қазақстан таяудағы онжылдықта өзінің индустриалдық саясатының басты құрамдасы саналып отырған «жасыл» экономиканы енгізудің белсенді жақтаушысы болып табылады.

Мемлекеттік хатшы «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрме шеңберінде ағымдағы жылдың 31 тамыз - 1 қыркүйек аралығында «Әйелдер болашақ энергиясын қолдайды» халықаралық форумы өткізілетіні туралы хабарлады. Форумда баламалы энергетика және «жасыл» экономика саласындағы инновациялық идеяларды ілгерілетуде әйелдердің рөлі мен үлесі талқыланады.

Гүлшара Әбдіқалықова доктор Бехжат әл-Юсуфті форумға қатысуға шақырды және Масдар институтының жоғары технологиялық білім беру мекемелерінің  бірі ретінде «жасыл» технологияларды ілгерілету үшін зор үлес қосатынына сенім білдірді.

ҚР Мемлекеттік хатшысы Г. Әбдіқалықова кездесу соңында Абу-Дабидің мұрагер ханзадасы шейх Мұхаммед бен Зейд әл-Нахаянның біз көрменің ашылу салтанатына, БАӘ Вице-президенті, Премьер-Министрі, Дубай әмірлігінің әміршісі шейх Мұхаммед бин Рашид әл Мактумның БАӘ ұлттық павильонының ашылуына қатысады деп күтіп отырмыз, - деді.

Қатысты Мақалалар