Өз перзентінің тағдырын тәлкек еткен әйел

/uploads/thumbnail/20170710010352377_small.jpg

Күйеуіне деген өшпенділік өрши түсті
Өмірім осылай құлдырап кетеді деп Қапизаның үш ұйықтаса түсіне  кі­ріп пе? Біреудің алақанына сап әл­­­­ди­леп отырған қызы еді. Мектеп­ бі­тіріп, институтқа түсті. Төрт жыл оқ­­­ып, экономист деген диплом ал­ар бе­сінші жылы Еркінмен та­­н­ыс­­­­ты.­ 

Еркін Алматы ауылшаруашылы­ғы институтының студенті екен. Он­ың да бітіруіне бір жыл қалып­ты.­ Ау­­ыл шаруашылығының инже­нері деген ма­мандық алып шық­пақ­шы. Сұңғақ бойлы, үнемі кеу­десін тік ұстап, асық­пай жүретін әдеті бар. Құ­­лағы сәл үлкендеу ме,­ қалай?  Бірақ оған мән беріп жат­қан Қа­­­пи­за­ жоқ. Ертерек отбасын құрып, Еркіннің отбасына ке­лін болып түсуге ынтық.

Өйткені, оның туған жерінде қа­за­қы қонақжайлығы да сыпайы, үн­е­­­мі­ есіктері ашық адамдар тұрады. Оның үстіне, Еркіннің мінезі мен­ көр­кі Қапизаның көңілінен шық­қан. Сосын басқа қыздар си­яқ­ты­ сырын ішіне бүгіп, керіліп-созылған жоқ. «Осы менің болашақ күй­еуім болады»­ деген қоры­тындыға келді де, Ер­кіннің ал­дын­да­ бар сырын бүгіп көр­мепті. Басқа қыздар болса: «Осы жі­гіт қа­лай өзі? Өмірлік жар болуға лайықты ма? Әлі де сырымды іште бү­гіп, сынай түсейінші» деп жарты­лай­ жа­бық болып көрінуші еді. Ал, Қапиза болса қайта Еркіннің ал­дын­да аш­ық-жарқын қалпын сақ­тап:­

– Еркін, мен сенсіз өмір сүре ал­майтын сияқтымын, – дейді кеу­десін кернеп, жан сырын жасыр­май.­­

– Ол не дегенің? Мен сенімен на­ғыз­ бақытты күй кешемін, – дей­ді Ер­кін Қапизаны  құшағына қы­сып.

Қапиза – балығы тайдай тулаған Орал өзені бойының тумасы. Көзін ашқалы жоны кереқарыс май келетін бекіре балығының етін жеп өсті. Ата-бабалары егін салып, көгеріш өсірді. Әрине, Орал бойында ағаштары ті­релген алма да өседі. Ертеден қалыптаспаған соң, бұл ара қазақтары қа­у­­ын­-қарбыз өсіруді мансұқ етпе­ген.­

Еркін алғаш ауылдан қауынқақ пен қауынқұрт әкелгенде дәмін татып көрген Қапиза:

– Апырау, осындай да тәтті өс­імдік өседі екен-ау, шамасы мына қауынқаққа бал қосып жасайтын болуы керек, – дейтін таңданысын жасырмай.

– Бұған бал қосылмайды. Қау­ын­ның­ қабығын алып, сосын етін қақ етіп тіліп, іліп, күн көзінде кептіреді. Ал, анау шырыны – өз бойынан шық­қан­ сөлі, – деп Еркін түсін­дір­ген.

– Құдай қалап, отбасымызға ке­лін болып түссең, апам қауқынқақ өруді немесе қауынқұрт қайнатуды саған өзі үйретіп, маман етіп шығарады? – дейтін сосын.

– Әлбетте үйреніп аламын, – деді риясыз көңілімен Қапиза  Еркіннің кеудесіне басын сүйеп.

 Екеуі диплом алар алдында Алматыда үйленіп, дипломдарын арқа­лап, қол ұстасып Еркіннің ауылына келді де, Қапиза Шалбай ақсақалдың үйіне келін болып түсті. Сөйтіп, ек­еуі­нің отбасылық өмірі басталып кетті.

Еркін жолдаманы облыстық ауылшаруашылығы басқармасына алған болатын. Сосын екі жас оны-мұныларын көтеріп облыс орталығына кел­ді де, уақытша пәтер жалдады. Қапиза болса бір құрылыс компания­сына мамандығы бойынша қызметке­ тұрды.

Екі жасқа жұбайлық өмір оңай ти­ген­ жоқ. Екеуі де жоқ-жұқалтаң отбасынан шыққан соң,  ата-ана­лары­ тарапынан айтарлықтай көмек тимеді. Тапқандары бір жағына тарт­са, бір жағына жетпей жатты. Оның үстіне, Қа­пиза істейтін мекеме жеке­меншік компания болған соң, жала­қы берерде сылтауы көбейіп кетеді де бір айдан бір айға ысырылып, кей­де қаржы жетпегенінен бірде тоқтап, бірде істеп, жұрттың ығырын шы­ғарып жібереді. Сосын Еркіннің жалақысы қай жыртықты жамауға жет­сін?

Еркіннің басқа жақтан табар та­бы­сы­ жоқ. Амалсыз үнемдейді. Әйтеуір, күндерін көріп, жұрттың алдына түсіп кетпесе де, көштен қалмай ілесіп келе жатқанына шүкіршілік етіп, біраз жылдың өтіп кеткенін екеуі де аңғармапты. Инстутты бітір­ген  келер жылдарында  дүние есігін ашқан тұңғыш қыздарының өзі  мү­шел жастан асып қалғанын екеуі де аңғармапты. Әселді мүшел жаста деу­ге болмас. Толық, ет-жеңді. Жү­ріс-тұрысынан да ересектік белгі се­зіліп тұрады. Кемінде он сегіз жаста дейді бірінші рет көргендер.

Отбастарының аман-есен екеніне көңілі тоғайып, Еркінге арқа сүйегені сонша, ойына «ертең күйеуім опасыздық жасап, «ала арқанды шарт үз­іп» ұзап кете барады деп ойына мүлдем келмепті.

Қапизаның жұмысы «жүрдім-бардым «өнімсіз болып жүргенде Еркін де қысқартуға ілігіп, жұмыссыз үйде отырып қалды. Бұрын айлығы шайлығына жеткеніне мәз болып, үстел басында отырып келген Еркін анау-мынау жұмысты қол көрмей, «лайық­ты бір қызмет табылар» деп екі қо­лын қалтасына салып, ары-бері жү­ріп, іздестіріп көріп еді, онысынан ешнәрсе шықпады. Тіпті көрші об­лыс­қа да жұмыс іздеп барып келді.­

– Мен сол қызметті лайық көріп отырмын, – деді ол Қапизаға келген соң.

– Қазір қызмет таңдайтын уақыт емес. Лажы болса сенделіп бос жүр­генше, «есектің артын жусаң да мал тап» дегеннің кері келіп тұр ғой. Айлық жалақысы да біршама көңіл көншітерлік екен. Отбасынан ұзап қол үзіп кетпейсің. Әр жарты айда келіп, жарты ай отбасында боласың. Одан артық не керек? – деп Қапиза ойындағысын Еркін алдына ақтарып салған болатын.

Еркін жарты жылдай Жаңатас қа­ласына барып-келіп істеп жүрді де, кейінгі кезде түрлі сылтаулар айтып, келіп-кетуін сирексітіп жіберді.

– Мына нарық қыспағы ол жақта  да өршіп тұр. Жұмыс ырғағы бұз­ыл­ған.­ Бірде болса бірде болмайды. Сосын қалып, қосымша жұмыс іс­теуіме тура келіп жүр, – деп сирек келуінінің себебін айтып, ақтала сөй­леді.

– Бәрібір айлық жалақың бұрынғыдай емес, – деді Қапиза.

– Мен саған ол жақта да жағдай бұрынғыдай емес деп тұрған жоқпын ба? Сенің ойынша мен ол жақта кү­ніне ресторандатып жүр дейсің бе? – деген Еркін қабағын түйіп.

– Жоғ-ә, сен кешіксең Әсел еле­гізіп: «Папам неге кешігіп жатыр?» дейді сағынғаннан көзіне жас алып.

– Сонда маған не дейсіңдер? Қол қусырып қарап отыр дейсіңдер ме? Одан да ол қызға «әкең ойнап жүрген жоқ, отбасына бірнәрсе алып келу үшін түн қатып, түсі қашып жүр» деп түсіндірмейсің бе? – деген Еркін кей­істік білдіріп.

Еркін бірде тү­неріп, қабағын түйіп қайтты. Есіктен кіре ерні жыбыр ет­іп, амандасқандай болды да төргі бөл­меге өтіп, үн-тінсіз киімдерін жинастырып,  үлкен сөмкесіне тықты да тұн­жыраған қалпы үстел шетіне кеп отырды.

– Мен ұзап кетіп барамын. Қашан ораларым белгісіз. Оралмауым да мүмкін, – деді тұқырған басын кө­терместен. Қапиза алғашында Еркін­нің нені меңзеп айтып отырғанын  тү­сіне алмай:

– Ол соншама қандай ұзақ мер­зімдік жұмыс? – деді қабағын шы­тып.­

– Солай болып тұр. Тағдыр менің маңдайыма солай жазса қайтемін?.

– Қиналып жатсаң бармай-ақ қой, – деді Қапиза.

– Жоқ, бармасам болмайды. Мен солай шешкенмін. Енді кейін қайтар­ға жол жоқ. Сау болып тұрыңдар, – деп Еркін орнынан көтеріліп, есік жаққа қарай беттеді.

Еркіннің шығып кеткеніне біраз уақыт болғанға дейін Қапиза оның нені айтып кеткеніне санасы жетпей сансырап ұзақ отырды. «Мына нарық заманы қысып тұрғанда отбасынан ұзап, ақша тапқысы келген болар» деп Еркінді жаман ойға қимады. «Балапан басымен, тұрымтай түсімен» дегендей заман болып кетті ғой. Қатындардың көбісі ала қап арқалап, базарларда жүр. Еркектер екі қолына бір күрек таппай ез болды. Беишара біз үшін қиналып жүр ғой» деп Еркінді мүсіркеген.

Еркін сол кеткеннен мол кетті. Жаңатас жаққа барып-келіп істеп жат­қандардың, яғни Еркінмен бірге іс­тейтіндердің айтуына қарағанда, ол сонда біреуді тауып, үйленіп алған. Міне, сатқындық! Аздаған қиындыққа шыдай алмай отбасына жасаған опасыздығы. «Мені ұмытса қи­сыны­ бар шығар. Ал, жалғыз қызы Әселін қалай қиып кетті,ә?» деп Қа­пиза бұлқан-талқаны шығып ашуға булығып, көз жасына ерік берді. Кейде көптің сөзіне сенгісі келмегені рас. Өзі көзімен көрмеген соң, ес­тігеннің бәрін өтірік шығар деген пен­дешілік ойдан шыға алмай, ақы­ры Жаңатас қаласына жолға шыққан.

Жүйрік «Газель» жер апшысын қуырып, тез арада жеткізіп салды. Қапиза сұрастырып  жүріп, Еркіннің жаңа тұрағын тауып алып, есігін қақ­пастан жұлқа тартып, ішке екпіндей кіргенінде төр алдында көпшікті бауырына жұмарлай қысып, бір жамбас­тап жатып шай ішіп отырған Ер­кіннің, оған шай құйып беріп отыр­ған­ жас келіншегінің үстінен түсті. Арғы жағы есінде жоқ. Еркіннің үс­тіне қона түскенде оның келіншегі жан даусы шығып:

– Ойбай! – деп айқайлаған қалпы сыртқа атыла шықты. Көршілері жиналып, Қапизадан Еркінді арашалап алып, ол өршеленіп болмаған соң, полиция шақырып, олардың қолына Қапизаны тапсырды.

Қапизаның жан ашуын полицей­лер­ түсінді.  Кімнің кіммен тұруы немесе тұрмауы өз еркі екенін түсінді­ріп айтып, Қапизаны шығарып сал­ған.­

Жаңатастан «қара жамылып», алас­ұрып қайтқан Қапизаның жанына та­я­у­да тыншу бола қойған жоқ. Жанын бір нәрсе кеміріп жатқандай, күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан қалды. Аһ ұрғанда көкірегінен жалын атқылап, тұла бойын өртеп, не іс­те­рін білдіртпей, Қапизаны есеңгіре­тіп жіберді. Кейде көзіне жалғыз қызы да көрінбей, Еркінге деген бір өшпенділік өрши түсті.

«Қап, сонау батыстан осы Еркін сияқты бір сүмелек еркек табылмағандай осы жаққа сандалып, енді далада қалғаным мынау. Енді ел бетін қайтіп көрем? Қызымды ертіп бара қалғанда кім құшағын жайып қарсы алар дейсің?» деп қамықты.

Анасы қайтыс болысымен әкесі біреуді кіргізіп алған. Онысы жөні түзу біреу болса бір сәрі, қаны бетіне шауып, сазарып отырғаны. Керек де­­сең, әкесінің «ішкенін ірің, же­ге­нін желім» ететін сияқты. Сосын  қы­зын жетелеп оның үстіне бару Қапизаға қиямет-қайым көрінді. «Өлер анам өлді, бір әкемді Құдайдың бір өзіне тапсырдым» деп Қапиза өзі өсіп-өніп, ұшқан ұясынан мүлдем күдер үзіп еді..

 «Ерсіз әйелдің етегі ашық» деген...

Қапиза төркін жұртынан мүлдем қол үзді де, кездескен қиындықты мойнымен көтеріп алуға белін бекем буды. Дегенмен Еркіннің кетуі Қапизаны демде есеңгіретіп тастап еді.  Кейде не істеп, не қойғанын сезбей қалатын ауруға ұшырады.

– Күйзелістен шыға алмай жүр­ге­ніңде психикалық ауруға ұшырап, жындыханаға түсуің мүмкін. Онан да кешіктірмей емдел. Көңіліңнің көтеру жолдарын қарастыр. Сөйтіп, бә­рін ұмытуға тырыс. Керек болса, ада­мың табылса, тұрмысқа шығып ал. Әй, қайдам, ондай адамның қазір табылуы қиын. Еркектердің көбі екі қолдарына бір күрек таба алмай сен­деліп жүр. Не істерін білмеген соң, олардың көбі ішкілікке салынып кеткен. Ал, кейбіреулері есірткіні езіп ішетін дәрежеге жеткен. Онан да дені дұрысы кездесіп жатса, анда-санда болса да көңіл көтерсең жетіп жатыр, – дейді әлдеқайда сырласа қалған тамыр-таныстары мен құрбы-құрдас­тары.­

– Өз байларың қастарыңда шалжыйып жатқан соң, кімнің мұңын мұңдап, жоғын жоқтайсыңдар? Менікін бе? – деген оларға Қапиза.

– Сонда біз енді не демекпіз са­ған?­ Кеткен Еркін кетті. Енді артына қарамасы анық. Қойнында қатыны, өз тіршілігін дөңгелетіп отыр. Енді ол тірі жүргенімен саған ол өлікпен бірдей. Одан қайран болмаған соң, кеткен Еркінмен бірге кетпейсің, оғ­ан жол да жоқ. Сосын тірі адам тір­шілігін жасауы тиіс. Ауруға шалды­ғып­ қалмауың үшін көңіліңді көтер. Сен ешкімге керек болмасаң да анау Әсел қызына керексің. Соны ойлау­ың керек.

Осы айтылғандарды Қапиза жүрсе де, тұрса да  ақылына салып, сан екшеді. «Иә, өлгенмен ешкім өлген емес. Кеткен Еркін енді байласа да қайтып бай болмасы анық. Тірі адам тіршілігін жасап, көштен қалмауы керек».

– Сонда мен не істеймін? Көзі байлаулы жандай сергелдең күй ке­шіп қалдым ғой мен. Жөнін айтып, жол сілтеп жіберсей, – деген  Қапиза бір сырласқанында құрбысы Айшаға. Ол да бойдақ. Бірақ ешкімнен кем тұ­рып жатқан жоқ. Ішім-жемі мен киер­лігі өзі мен үш бірдей баласына же­терлік. Жұмыссыз байын «алкаш­сың»­ деп үйінен қуып шығарғаны қашан? Содан бері тіршілік етіп, бір адамдай күнелтіп келеді. Қисайып қалған жері жоқ. Тек соңынан ерген «жүргіш қатын» деген өсегі болмаса. Сонда Айша Қапизаның иығына қо­лын артып тұрып:

– Жұрттың қаңқу сөздерін құла­ғыңа ілме? «Ит үреді, керуен көшеді» деген. Далбасалап айта берсін. Ер­тең солардың қайсысы жеген нанынан бөліп беріп, аузыңа су тамызар дей­сің? Одан да өз арбаңды өзің дөңгелетіп, әрекет жасауға көш.

– Сен менің ең жақын құрбыла­р­ым­ның бірі емессің бе? Оның үстіне жерлестік жағынан жақындығымыз тағы бар. Олай болса жөн сілтеп жібермейсің бе? – деді Қапиза аң­қылдап.

– Онда бүгін біз балық аулауға шығамыз. Әй, қайдам, ауымызға майда шабақтар болмаса, шортандардың түсуі неғайбыл, – деді Айша сұқ саусағын шошайтып.

 – Айша, мына сөзіңнің төркініне түсінбедім. Қаржы полицейлері мем­лекеттік қаржыны қымқырған ірі ше­неуініктерді шортан, ал майдаларын шабақ деуші еді, – деді Қапиза таңырқап.

– Соны да түсінбедің бе? Менің «шортан» деп отырғаным – қалталы, ал «шабақ» дегенім – қалтасы тесік еркектер. Әдеттегідей, қалтасы тесік еркектер шабақтардай өріп жүр. Қайта олар қалталы әйелдерді түсі­ріп, ішіп-жесем, реті келсе байлығын­ пайдалансам деп дәмелі. Ал, қалталы­ еркектер қаладағы атақты сұлу би­кеш­терді түсіре алмай, салпақтап жүр.

 – Е, онда олардан несін дәмете­міз? – деді Қапиза.

– Іс сапарда жүрген еркектер тал­ғап­-таңдамайды. Олар күндерінің өткендеріне мәз. Ішіп-жеп, билейді. Ертең түк болмағандай үйлеріне қайтып жатады. Міне, біз осындай еркектерге ау салуымыз керек, – деді Айша сықылықтай күліп. – Енді саған түсінікті болған шығар?

Қапиза үнсіз басын изеді. Екеуі сол күні кешке үстіне барын іліп, опа-далаптанып, қала орталығындағы әйгілі бес жұлдызды мейрамхананың алдына келіп тұрды. Ресторанға кі­ріп-шығып жатқандар көп. Көбісі іш­кіліктен есірік атып, кекіргенде  арақтың ашқылтым иісі мүңк етіп, жү­рек­ті айнытады. Өз­дері масаң қатындар еркектердің мұнысын елең етпей, қолтықтарына жармасып, сықылықтай күліп еріп бара жатыр.

Күте-күте Қапизаның шыдамы тау­сылып:

– Бізге шортан түгіл, шабағың да жақындар емес қой, – деді Айшаға қабағын шытып.

– Бізге шабағы емес, шортандар керек. Егер қасымды қағып, ымда­сам,­ анау тұрған шабақтар жапырлап келіп, аяғымызға оратылып жүр­гізбесі анық, – деді Айша сыртта топырлап тұрған үш-төрт жігітті иегі­мен нұсқап. – Осминогтардай денеңе оратылып, қаныңды сорғаннан бас­қа олардан түсер пайда жоқ. 

«Асық­па­ған арбамен қоян алар» дегендей, асықпа! Біздің де манадан бері бекер тұрмағанымызды сыртымыздан бақылап күтіп тұр­ған­дардың барына мен өз басым шек кел­тірмеймін. Денеміз шамалы толысқанымен бетімізден әлі әр тая қойған­ жоқ, – деді Айша.

– Әселім мен кешіккен сайын қорқа ма деп қауіптенемін, – деді Қапиза.

– Қызың жас емес, мүшел жастан асып, балиғатқа жетті. Өстіп, кеші­гіп, бірте-бірте бойын үйрете бер.

– Сонда кешіккеніме не сылтау айтамын?

– Ой, Құдайым-ай, жұмыста ол боп қалды, бұл болып қалды дей салмайсың ба? Жұмыста не болып қалға­нын ол қайдан білсін, – деді Айша.

Екі келіншек екеуара әңгімелерін аяқтап, жыбырлаған еріндерін жи­ған­ша, сыптай киінген, екі жігіт олардың ту сыртынан өтіп бара жатып, біреуі кілт тоқтады да Қапиза мен Айшаға мойын бұрып:

– Сіздер бізді күтіп тұрған жоқ­сыз­дар ма?-деді ыржиып.

– Оны қайдан білдіңдер? Көріпкел әулиеліктерің бар ма? – деді Айша сықылықтай күліп.

– Онда не тұрыс бар, мына дәм­ханадан шай-пай іше отырып, әң­гіме дүкен құрумен қалайсыңдар? – деді әлгі жігіт.

– Шамасы, ұзақтан келген сияқ­ты­сыңдар, – деді Айша әлгі жігіттің қолтығынан алып.

– Оны қайдан білдіңдер, күніне ресторанға келіп, дәм татқандардың есебін алып жүретіндерден емес­сіңдер ме?

– Жоғ-ә, немене біздің маңдайымыздан «сондай әйелдер» деген жазуды оқып қойдыңдар ма? Жаңы­лы­сасыңдар, Құдайға шүкір, тазамыз. Бүгін мына құрбым Қапиза ек­­еуміз ресторанға барып, бір кө­ңіл көтерейік деп үйден шығып едік, – деді Айша сабырлы қалып танытып.

– Біз сонау Елордадан іс са­пар­мен­ келіп едік. Сіздердің қалаларыңызда қыдырыстап жүргеніміз ғой, – деді жігіттердің бірі. – Онда бүгін бірге болып, бос уақтымызды кө­ңілді өткізейік.

– Қазақта: «Шақырғаннан қалма, шақырмағанға барма» деген жақсы сөз бар. Сіздер шын көңілдерің­ізбен шақырып тұрған соң, біз қа­лай «отказ» жасай алмақпыз? – деді Айша бір қолымен кеудесін басып, сыңғырлай күліп.

Қапиза мына бейтаныс еркектер алдында өзін томаға-тұйық ұста­ға­­ны­мен аздап ішкен коньяк буынын босатып,  сөйлемеймін десе де сөй­леткізіп, кейде еріксіз күлдіріп дегендей, бірте-бірте есін ала бастаған. Көз алды тұманданып кеткенде жанындағы жігіттің иығына ер­іксіз басын қойып, бір нәрсе ті­легендей көзін сүзіп, іштегі ынтықтығын шы­­ға­­ра алмай іштей арпалысып отырып, масаң тартқанын сезген жоқ.

Көршілердің күңкілі көбейді

Бұрын  Еркіннен басқа еркектен ләззат алып көрмеген Қапиза әр еркектің қылығы мен сүйісі әртүрлі болатынын сонда білді. Жалпы, ер­кек­ исін қатты сағынса керек, сол жолы  өткеннің бәрін ұмытып, Астаналық жігіттің құшағында сан бұлқынып еді. Керек десеңіз, тас құрсағын кеңітіп, тас емшегін иіткен тұңғышы әрі жалғыз қызы Әселді де ұмытқан.

Қапиза сол түні алғаш масаң күй­де оралды. Әсел болса жатар бөл­месінің жарығын сөндірмей жатқан екен. Қапиза оның қасына құлай кет­ті де өз өмірінің мына күйіне ыза­ға булығып, жылап жіберді. «Қап, сен итті ме, Еркін,  мен де «гулять» етіп, жа­заңды беремін» деді өз жұдырығын тас жұмып, булыға жылап. Әсел оның мына масаң қылығын сезген жоқ. Алаңсыз қорылдап ұйықтап жатты. Таңертең оянғанда:

– Мама, үйге қай кезде келдің? – деп сұрады.

– Түнге он бірден өте келдім ғой, – деді Қапиза.

– Иә, мақұл, он бірде мен ұйықтаған жоқ едім ғой, – деді Әсел.

– Мүмкін сағатым алдаған шығар? – деді Қапиза Әселдің күдікпен сұрағанына мән бермегенсіп.

     Бәрінен бұрын әкесінің неліктен кенеттен үн-тінсіз жиылып-теріліп, ки­ім-ке­шегін арқаланып үйден шығып кет­кенін Әсел түсінген жоқ. Соңынан бақырайып қарап, ұзақ түне­ріп отырып қалған. «Жаным-күнім, сенен басқа алданышым жоқ» деп тебірене айналғанда оның жүрегі елжіреп, әкесінің қырым еті жоқ жағына топ-толық бетін басып, маң­да­йы­нан сүйіп, бір рахат күй кеше­тін. Әкесінің омырауынан тердің исі аңқып,  тыныс жолы арқылы  себездеп төмен бо­йлап, жанына нұр құю­шы еді. Енді алды-артына қарамай кетіп барады. Түсінсе бұйырмасын.

Күндер зулап өтіп жатыр. Әсел күн сайын әкесін сағынып, терезе жақтауына отырып, сыртқа ұзақ қарап отырады да әлден уақта көзі­нен жас парлап ағып, омырауына сыртылдап түсіп жатады. Әлден уақта өзінен өзі селк етіп, маңайына ұрлана көз тастап алады да жасын сүртіп, терезе жақтауынан тү­седі. Бірақ, көз алдына әке бей­несі әлсін әлі елестеп, мазалаумен әлек.

Әселдің жаны әкесін ойлаумен жаралы болғаны қашан? Ал, опасыз әке болса жаңадан жар құшып, ал­аңсыз өмір сүріп жатты. Жүрек жа­ра­лан­са, оның емін табу қиын. Жан-жүйеңді айықпас ауру шалып, үнемі өзегіңді өртейді де тұрады. Әсел де осы дертке жастай ұшырап, күтімсіз жас шыбықтай қисық-қы­ңыр өсе бас­тап еді.  Оқу үлгерімі кілт төмендеп кетті. Оның оқуын күнделікті бақылайтын анасы да іштей моралдық күйзеліске түсіп, қит етсе ашуланшақ, бетің бар, жүзің бар демей шапшып шыға келетін ауруға ұшыраған.

Оның үстіне, ері тастап кеткелі, күнкөріс қамы үрейге айналып, ертең аштан өлетіндей сезімге байланып-маталып қалғаны сонша, Қа­пиза қа­зір екі жұмыстың басын қо­сып іс­теу­де. Күндіз кеңседе отырып, майда-шүйде есеп-қисапты жүргізсе, кештете кабинеттерді жиып-теріп, жуып-шайып дегендей түннің бір уағында үйіне әзер оралып жүр.

Қапиза бірде болмаса бірде  Ер­кіннің ораларына сенімді. Сұқ саусағын кезеп:

– Сонда ит басына іркіт құйып, отбасының еркегі емес, қарғыбаулы итіндей ұстаймын, – дейді кіжіне долданып көршілеріне.

– Онысын уақтысында көре жатармыз. Ал, Еркін қайтып оралатын ез жігіт емес. Жақсы әйелден еркек сірә кеткен бе? Бар кінә Қапизаның өзінде, – дейді көршісі Зылиха те­ріс айналып күңк етіп. – Ақша-ақша деп екі жұмыс істеп, дүние қуғанша­ ана кәмелетке толмаған қызына қа­ра­сай­шы.­ Анасы жоқ болған соң, қызы ер балалармен қол ұстасып түн жамылып кетіп бара жатқаны. Ақыры не болар екен? Әлі оңы мен солын танымайтын қызы піспей жатып, көк­тей үзілмесе болғаны. Қазір арты ұят болар деп ойланатын жасты көр­ме­дік.

– Еркек табылса Қапиза байға тиіп алудан кет әрі емес, – деді екінші көршісі Мария жан-жағына жалтақтап қарап. – Бұл қатынның да түнделетіп жүруі көбейіп кетті. Үнемі біреулер таксимен әкеп тастап жүр.

– Жесір қатын қаңғыбас еркек болмаса кімге керек? – деді Зылиха сыбырлай сөйлеп. – Қазір жөні түзу еркекті табу қиын. Көбісі жұ­мыссыз. Жұмысы бар немесе қалтасы қалыңдары екі-үштен қатын алып, бас-бас­тарына үй тігіп беріп, шалқытып қойған.

– Сол қатындардың қандай құ­діреті бар? Бір байды меңгере алмай біз жүрміз, – деді Мария.

 – Бізден артып бара жатқан сұлу емес. Шамасы, қылықтары артық болулары керек, – деп Зылиха мырс етті.

Шынында  Әсел  сабағынан ке­лі­сімен ұзақты күн үйде. «Әй, дей­тін әже, қой дейтін қожа» болмаған соң, өзін тым еркін сезінеді. Ер­ік­­кен­ қыздарға ілесіп, көше кезеді. Болмаса аулада отырып, уақытының көбін зая кетіреді.Тек анасы келер алдында ғана үйге кіре­ді­. Со­сын түк болмағандай кітап бетін аш­ып, оқыған адам сияқты тел­мі­ріп, төніп отырғаны.

Байдың баласы басынды

Кәмелетке енді жетсе де, Әсел ересектер өміріне ерте еніп, дәмін тата бастады. Дене бітімі кесек тұл­ғалы, төсі ерте бітіп, бұлтиған бөк­сесі оны он төрт жаста дегенге еш­кім сен­бесі анық. Оның үстіне, Әс­ел өзі қа­тар­лы қыздармен жү­рудің орнына, көбінесе өзінен әл­деқайда ересек, жігіт болып қалған балалардың арасында кетіп бара жатады.

Әсел өзінің он төрт жасқа толған­ туған күнін атақты бизнесменнің ба­ласы, жиырма жасар Тимурдың саяжайында атап өтті. Бұлай бола­ды­ деп бұрын Әселдің ойына келмеген. Туған күнінің қызықты өтуі­не себепші болған Тимурдың өзі еді. Ол Әселге:

– Жуырда сен он төрт жасқа тола­сың. Ал, туған күніңнің қалай өт­кенін қалар едің? – деді Әселдің бе­лінен қапсыра құшақтап тұрып.

– Білмеймін, – деді Әсел басын бір жағына қисайтып.

– Қалайша білмейсің?

– Білмеймін, атап өтуге ақшам жоқ, – деді Әсел мұңайып.

– Ақшадан қам жеме. Сен үшін мен тау қопарсам да ақша тауып, туған күніңді өткізіп беремін, – деді Тимур.

– Рас па, Тимур?! – деді Әсел Тимурдың көрсеткен мәрттігіне риза бо­лып.

– Сендей сұлу қыздан ештеңе ая­маймын, – деді Тимур көтеріңкі кө­ңілмен.

Тимур Әселдің туған күніне бір­шама жақсы дайындалыпты. Ішім-жем жетерлік болды. Шампанды сусын деп көбірек ішкен Әсел демде былқ-сылқ етіп, масаң тартты. Әсі­ресе, Тимур қасына отырып алып,  «іш-ішке» салып, жылы-жылы сөз­дер айтып, бұрын қомпания құрамында болып, жөн-жобаны көрмеген Әсел оның сөзіне елігіп, көңілі көтерілгені сонша, Тимурден басқа жақын жан жоқтай, қайта-қайта кө­зіне жас ал­ды.­ Оның иығына басын қойып, кейде Тимурдың сөзіне рахаттана күліп, есалаң күйге түсіп отырды.

Қысқасы, сол түн Әселге қатты ұнап, көпке дейін есінен шығара ал­май­ еселаң күйде жүрді. Оның мұнысын ескерген Тимур жоқ. «Іс бітті, қу кетті» дегендей, Әселге қайтып жуымады. Өйткені, Тимур Әс­ел­ді сүйген емес, сүюі де мүмкін емес еді. Өзінен көп жас кіші  қыз­ды неғылсын? Онсыз да оның маңайы тола қыз. Қайсысы болмасын Тимурдың байлығына қызығып, айдауына жүре беретін.  Діттеген мақсатына жеткен соң, Тимур Әселге қайтып оралғысы келмеген.

Әсел болса талай қызбен болып, машықтанған Тимурдың сүйісін аң­сап, қалайда онымен тағы бір кез­десуді армандап жүрді. Бір күні ой­да жоқ жерден Тимурмен ұшыраспасы бар ма? Жүрегі жарылардай болып қуанып кеткені сонша, ар­са­лаң­дап тұра ұмтылып, Тимурдың мойнына асыла кетіп, жігіттің алқы­мына тұмсығын тығып тұра қалып еді, Тимур Әселдің бетінен қағып:

– Әсел, өзіңнің ұятың бар ма? Жап-жас болып, өзіңнен көп жас үл­кен жігітті құшақтай алғаның не? – деп Әселдің көкірегінен итерді.

Шынында, жігіттермен бұрын кездесіп, аралас-құралас болмаған Әселге Тимурдың мына қылығы тым­ түсініксіз көрінді. Анада әкесі­нің саяжайында болған түнде Тимур Әселдің өмірінде қалатындай ала бөтен сезімін көрсеткен жоқ па еді? Енді кеудесінен кері итеріп тұрысы мынау?

Әселдің Темірге көңілі қалғаны сонша, теріс айналып кетті. Жылағысы келіп еді, көзінен жас шықпа­ды. Тимурдің саяжайда амалдап жүріп басынан бағын шешіп алға­нын­ енді түсінді. Жылағанмен ор­ны­на келмесін сезді де, жігіттерге деген өшпенділік жүрегін жиіркен­діргені сонша, «мен де сендердің «бақтарыңды» бастарыңнан сыпырып, итке кигізбесем тұра тұрыңдар» деп іштей кектенді. Тимурға қайтып бұрылып назар салмастан ілгері жүріп кетті.

Әсел оған қатты өкпелегенімен келе-келе жігіттердің бәріне теріс қарай алмады. Қанша айтқанмен, қыз жігіттер, ал жігіттер қыздар үш­­ін­ жаратылғанын бірте-бірте се­зіне бастады. Кейде құштарлық жеңген жағдайда басу үшін міндетті түр­де еркек керек болған соң, Әсел екіжақты ойынның өзіне тиімді еке­нін ұқты. Біріншісі, құштарлығын басса, екіншісі, жігіт те құма­р­ын басуы үшін, қалтасындағы барын «ұрмай-соқпай» немесе «жа­ла жаппай»   мәдениетті түрде алып, арқасынан қағып шығарып салуы еді.

Қапиза жағасын ұстады

«Екеуміздің ертеңіміз не болады?» деп мазасыз күй кешкен Қапиза екі бірдей жұмысты атқаруға және Айшаға ілесіп, еріккен еркек­тердің қалта түптерінде қалған ти­ын-тебендерін қағамын деп жүріп, қызының тәрбиесіне назар салуды ұмытқанын мүлдем сезбепті. «Әй­теуір, Әселімнің қарны тоқ, үсті бүтін» деп жүре берер ме еді, егер оның сөмкесін кездейсоқ ашып, жағасын ұстамағанда.

Айша екеуі мейрамханадан еңгезердей жасамыс екі еркектің шығарып салуымен кештете келген. Әсе­лі болса күндегі әдетіндей жарықты өшір­мей жатып қалған екен. Екі танауы пысылдап, анда-санда қорыл­ға басып алаңсыз ұйықтап жатыр. Тіпті анасының келгенін сезер емес.

Қапиза шешініп төсекке қисай­ға­нымен жуық арада ұйқысы келе қоймаған соң, қарап жатқанша деп қызының сөмкесін ашқаны сол, көзіне бірден  бір бума мүшеқап түсіп, жүрегі суылдап кетті. Шо­шын­ғаны сонша, еріксіз жағасын ұстап, состиып тұрып қалды. Сосын әлден уақта өзіне-өзі келіп: «Бәсе, бұл қыздың үстінен үнемі қымбат иіссудың исі аңқып тұрады, бір бә­ле бастап жүр екен ғой» деді іштей күбірлеп. Одан әрі ақтарып еді, француздық қымбат иіссудың қорабы, «Жастық күнәсі» коктейлінің жар­тылай ішілген ыдысы шықты.  

Қапиза қызының сөмкесін әбден ақтарып болып, ішіндегі заттарын орнына қойды  да төсегіне келіп жатып: «Мен осылай жүре берсем, мы­на қыз бетімен  кетіп, жақсылық­қа апармайтын сияқты. Одан да қатаңдау мінез танытып, біраз қыспаққа алмасам болмас. Бәріне кі­нәлі,  атың өшіп,  иманың ас болма­ғыр Еркін. Егер ол өз ұясынан безбесе, бар өміріміз өз қалпында дамып, мен де желкілдеп, етегімді кез келген еркекке ашпас едім. Мына қыз да тәрбиелі болып өсер еді...» деп Қапиза көрпенің  бір бұрышын тістелеп, булыға жылады...

Ертеңіне Әсел оянысымен түні­мен ашуға булыққан Қапиза қызының алқымынан ала түсіп:

– Жетпегір, анау әкең сияқты бей­­әдеп болып өсейін деп пе едің? – деді бар даусымен айқайлап. Ұйқылы-ояу Әсел не болғанын түсі­не алмай:

– Мама, саған не болды азанымен? – деді анасына таңырқай қа­рап.

– Не болды дейсің, ә, оңбаған, анау сөмкеңдегі не нәрселер, оларды қайдан алдың? Жаныңның ба­рында айт, қане? Әйтпесе қағып жі­беріп жерге кіргіземін де шашыңнан тартып, қайтып суырып аламын, – деді Қапиза екілене қызының үстіне төне түсіп.

– Мама, нені айтып отырсың, қай­дағы зат? – деді Әсел түк біл­мейтіндей.

– Анау сөмкеңдегі заттарды ай­та­мын. Кане, қайдан алдың олар­ды?­

– Білмеймін, – деді Әсел екі иығын қушитып.

– Мә, саған, білмесең, – деп Қапиза қызының жағынан тартып-тартып жіберді. Әсел шапалақ жанына батпағандай үнсіз төмен қа­рап сазарып отырып қалды. Қапиза­ жұлқына басып барып, қызының сөмкесін алып, алдына ақтарып салып:

– Сөмкеңе өзің емес, кәперімде жын тығып кеткен болуы керек, солай ма? – деді Қапиза қызының үс­тіне қайта төне түсіп.

– Білмеймін, анау сыныптас қыз Жауһар мені мұқату үшін әдейі маған білдірмей салып қойған болуы керек, – деді Әсел төмен қараған қалпы міңгірлеп.

– Онда қазір мен сені шашыңнан сүйреп мектепке алып барамын да Жауһармен беттестіремін. Сонда дә­лелдей алмасаң, сол арада көптің көзінше көзіңнен сораңды ағызып, итше тепкілеп өлтіремін, – деді Қа­пиза дірілдеп.

Мұның арты қиын боларын сезген Әсел әлден уақытта:

– Мама, маматай, алдағы кезде қайталамаймын, кешір мені, – деді анасының аяғына жығылып.

– Боларың болып, бояуың сіңген соң, сенің кешір деп жалбарынға­ның­ не, жалбарынбағаның не? Құ­дайым-ай, енді қайттім? – деді  Қа­пиза басын шайқап күйініп. Сосын кереует шетіне басын ұстаған қалпы сылқ етіп отыра кетті.

Иә, Қапиза қызына енді не істей қоймақ? Қызы жүріс алып қалған сияқты. Жұмысты қойып, оның ба­с­­қан ізін аңдып үйде отырып қа­луға  болмайды. Бас иесі болса тағы жоқ. Сонда кімге сеніп, кімге арқа сүйейді?  Оның үстіне, бір жағынан өзі де кінәлі. Айшаға еріп, ресто­ран­датып, қызы көзінен таса қал­ды.­ «Ендігім бола қоймас, жұмыстан кейін үйде болайын» деп шешті

Ертеңіне Айша  екі еркектен «тапсырыс» түскенін айтып, хабарлас­қан­да Қапиза селт еткен жоқ. Айшаның мұнысын жақтырмағандай ер­ін­дері жыбыр етті де самарқау:

 – Айша, бүгін менің мазам жоқ. Өткен жолы жонарқам салқын шалғын шөпке тиіп еді. Шамасы суықтап қалғанмын-ау, сірә бүгін бара алмаспын, – деді.

– Ты что, Айша, мұндай мүм­кіндік бола бермес, ойлан, – деді Айша.

– Сеніңше, Айша, мен қызық қуамын деп жүріп ауырып өлмекпін бе? – деді Қапиза қатқылдау үнмен, қаба­ғын­ шытып.

– Подумаеш, саған өл деп от­ыр­ған­ мен жоқ. Қолымызға түсіп тұр­ған олжадан қағыламыз деп тұр­мын. Лажы болса...

– Жоқ, мен бүгін бара алмаймын, – деді де Қапиза телефонын өшірді. Айша болса қайтып телефон шалып, Қапизаны мазалаған жоқ.

Осыдан бастап Қапиза Айшадан іргесін ау­лақ салды. «Науқас мені айналдырып алды. Еркектердің кө­ңілін аулауға еңсем бір көтерер ем­ес» деп Айшаға жауап берумен бол­­ды.­ Сосын Айша да Қапизадан  кү­дерін үзсе керек, телефон шалуды сирексітіп барып, мүлдем қойған.

Қапиза екі жұмыс істегенімен алған айлығы Әсел екеуінің  күнделікті шайлығына жетіп, артық тиын-тебен бір жиналмай-ақ қойды. Сосын кейде Капиза коңылтақсып, баяғы әдетінше анда-санда  ресторан жақ­қа барғысы келіп кетеді, өзін-өзі тоқ­татып, сабырға салды.

Әсел де бұрынғыдай емес,  ана­сы­ жұмыста болғанда сандалып кетіп жүрмесе, анасы  келгенде  үй­де болып, сабақ оқыған сымақ болып, кітап бетін ашып, оны-мұны шұқылап отырғаны.                                                                

Ресторанға кіммен бармасын, Әселдің тапсырысы алдымен «Жас­тық күнәсі» коктейлі. Иісі бұрқы­рап,­ үнемі жаныңның қошын кел­тіретін тәтті сусын. Бай-бағыландар мен олардың еріккен ерке тотайларының ішетін сусын.

Әсел байдың қызы болмаса да өзін солай сезінеді де, құлақ тұн­дырып, басыңды мең-зең ететін му­­зыкаға мән бермей, өзімен-өзі болып, осы сусынды асықпай со­рап­тап отырғанды жаны сүйеді.  Әр­и­­не, үнемі қыдырыстап жүруге оның уақыты жоқ. Тек анасы жоқта мейрамханаға келеді де, анасы жұ­мыстан қайтар тұста таксиге отырып, үйіне жетіп алады. Түк біл­мегенсіп, кітап бетін ашып отырға­ны. Көзі кітапта болғанымен көңілі демде «Жастық күнәсі» коктейлін аңсаумен болады. Кейде орнынан ұшып тұрып, ресторандарды жағалап кетіп қалғысы келгенімен анасынан бата алмай, байлаулы күшік­ше іштей қыңсылап, коктейлді із­дейді.

Әрине, Әсел кейде анасына ұсталып та жүр. Өйткені, масаң еркекке кездесіп қалса, істі тез бітірудің орнына жұтып қойып, мыжыма мә­н­сіз-мағынасыз әңгімесін ішек­ше созып отырып алатындар бар. Әселдің асығып, кетуге ыңғайланғанына қарамастан топ-толық біле­гінен тарамыс әлеуетті қолымен қы­сып ұстап отырып алады.

Міне, осындай  көбік­ауыздылар­дың кесірі Әселге талай тиді. Сосын анасының алдында талай рет кешірім сұрап, «қайталамаймын» деп сан рет уәде беріп ақталғаны­мен­, қаны қайнаған анасы талай рет төмпеш­тегенімен,  Әсел қайталай берді. Қапизаның да жігері құмға айналып, қызына не істерін білмей салы суға кетіп, сансырады. Кейде:­ «Мына бәле алған бетінен қайтар ем­ес, ауруға айналып кеткен болар» деп күдіктенді.

Сонымен, қызының бетін қай­та­ра­ алмасын сезген Қапиза: «Заман ағымы солай, сондаймен айналысып жүрген жалғыз менің қызым ба?  Кеште Әсел қатарлы қыздардың қала кафе­лері мен ресторандарында сапырылысып, біреуі мас болса, енді біреуі бірнеше жігіттің  же­тегінде кетіп барады. Сонда бұ­лар­­ды­ жап-жас бастарымен алып ба­ра жатқан қандай ауру?» деп қатты ойға кеткенімен басы жетпей талай мәңгірген күй кешті. «Жұрт­тың қызын сөз етіп не қылам? Алдымен өз қызымның ойында не барын білейінші» деп Әселді алдына отырғызып қойып:

– Әсел, осы саған не жетпейді? Егер байсырап бара жатсаң ертерек байға беріп ұзатып салайын десем, бір отбасын келін болып меңгеріп кетердей емессің, сен әлі жассың.  Кане, айтшы осы.  Мен сенің туған анаңмын. Яғни саған ең жақын адаммын. Түсіне білсең, сен анаңнан ешнәрсені жасырмауға тиіссің, – деді Қапиза көзіне жас алып, қы­зының маңдайынан қайта-қайта сипалап.

Манадан бері төмен қараған қал­пы үнсіз тыңдап отырған Әсел басын көтеріп:

– Мама, сенің айтқаныңның бә­рін түсінем. Бірақ, мен тұрғылас қыздардың бәрі жақсы киініп жү­реді. Тіпті үстерінен қымбат иіс­судың исі арылмайды. Ал, мен болсам, өкшесі қажалған аяқ киіммен және ескі-құсқы ұсқынсыз киімдер киюді қорсынамын. «Мен неге аналардай болып жүрмеймін» деп өз­імді өзім кінәлаймын. Ал, олар си­­яқ­­ты киініп жүруіме сенің тапқа­ның­ тек ішіп-жеуімізден артылар емес. Сосын мен «темный» жолмен ақша табуды мақұл көрдім, – деді Әсел.

– Қызым, бұл жолды таңдағаның болмайды. Сен жассың, жастай өміріңе балта шаппа. Оқуың керек, бір оқуды бітірсең, сосын бір жұ­мыс­қа орналассаң, киім де бәрі бо­лады, – деді Қапиза.

– Қайдам, қазір екі-үштен дипломы барлар жұмыс таба алмай сенделуде. Күнкөріс үшін олар да кештете ресторан жағалап жүр, – деді Әсел.

– Қызым-ау, оларды сен қайдан білесің? – деді Қапиза.

– Талай рет компаньон болғанбыз, – деді Әсел шынын жасырмай.

Өзі жұмыстан қолы босамай, түн қатып жүргенде қызының «Жастық күнәсі» коктейілімен ауызданып, со­ның тәтті дәміне алданып, талай «жерге» барып қалғанын іштей сез­генімен не дерін білмей, Қапиза бі­раз үнсіз қалды. Сонда да ана емес пе? Қай ана перзентін жаман жолға итерсін? Сосын:

– Болмайды, қызым болмайды, – деді басын шайқап. – Осы арадан есіңді жинап, кері қайт, – деді.

Әсел анасының айтқанына ке­ліс­­кен­дей басын изеді де, Қапизаның алдына басын қойып, көзін жұм­ды. Ойына не түсті екен? Әлде

Қатысты Мақалалар