ЛУКАШЕНКО РЕСЕЙДІҢ ТЕҢ ДӘРЕЖЕДЕ НАҒЫЗ ОДАҚ ҚҰРУҒА ДАЙЫН ЕМЕС ЕКЕНДІГІН МӘЛІМДЕДІ

/uploads/thumbnail/20170710011351526_small.jpg

Белоруссия президенті Александр Лукашенко Ресейдің Белоруссия мен Ресей арасындағы нағыз одақтастық құруға дайын емес екендігін мәлімдеді деп хабарлайды «Қамшы» ақпараттық агенттігі «Интерфакс»-қа сілтеме жасап.

«Біз бұған дайын емеспіз. Тіпті белорустер емес, Ресей билігі» деп атап өтті Лукашенко.

Оның сөзінше, екі ел референдум өткізіп, ортақ заңды қабылдауы керек еді. Оның ішінде Конституция да бар. Алайда аталмыш істер атқарылмады.

Лукашенко Ресей мен Белоруссия елдері екі жаққа да тиімді жұмыс істеу жағдайын қарастыру қажет екенін айтады.

«Егер біздің кәсіпорындар, табиғи газ Ресеймен салыстырғанда қымбат болса, қандай тең жағдай туралы айтуға болады» дейді Белоруссия президенті.

3-ші сәуірде екі ел ел президенттері арасындағы Санкт-Петербургте өтуі тиіс болған кездесуде, Ресей президенті Владимир Путин мен Белоруссия президенті Александр Лукашенко көзбе-көз екі жақты қарым-қатынасты, газ бен қарыздар жайын талқылауы қажет еді.

Бұған дейін Лукашенко Владимир Путинді «туған ағам» деп атап, Мәскеу мен Минск арасындағы келіссөздер жүргізуден бас тартқан. Ал 1-ші сәуірде президент Одақтық елдің осалдығын айтып, оны тең дәрежеде құруды ұсынды.



 

Қатысты Мақалалар