Бразилиядағы Акри штатында өз үйінен 24 жастағы студент Бруно Борхес жоғалып кетті деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. Tjournal мәліметіне сәйкес студент жоғалмастан бұрын өзге ғаламшарлықпен байланыс жасамақ болған. Студент 27 наурыз күні жоғалып кеткеннен әлі табылмапты. Оның туысқандарының айтуы бойынша Бруно Борхес соңғы кездері белгісіз жобаға деп жиі ақша сұрап жүрген. Бруно отбасымен бірге болған түскі астан кейін із-түссіз жоғалып кетеді. Ата-анасы оның ұялы телефонына хабарласқан бірақ оның телефоны өшірулі болыпты. Оның анасы Борхес баласының бұрын бұндай әрекеті болмағандығын айтады. Студенттің бөлмесіндегі барлық жиһаздарды алып тастап, қабырғаға белгісіз бір белгілер салған. Кейбір сөздер Інжіл кітабындағы үзінділер екені белгілі болды.
Сол суреттердің бірінде Борхестің өзі өзге ғаламшарлықпен аспан әлемінде бірге тұрғандығы бейнеленген. Оқиға барысында әкесі көп уақыт бойы оның бөлмесіне кірмегендігін, баласының немен айналысып жүргендігін бақыламағандығын айтқан. Сонымен бірге студенттің бөлмесінен қолмен жазылып, рим сандарымен нөмірленген 14 кітап табылған. Ең басты ерекшеліктің бірі студенттің бөлмесінен итальяндық философ Джордано Брунаның ескерткіші табылған. Ата-анасы бұл ескерткіштің бөлмеге қайдан келгенін білмейді және соңғы рет бөлмеге кірген кезде ескерткіш болмаған екен.
Брунаның жоғалуы қазір көп адамға жұмбақ болып отыр және көптеген пікірлер айтылуда. Кейбір адамдардың пікірінше Брунаның бөлмесіндегі ескерткіш «Алхимиялық шеңбердің түрлену» белгісіне ұқсайды. Ең қызығы студент Джордано Брунаның ескеркішіне айналып кетті деген де пікірлер кездеседі. Полиция қызметкерлері тергеу барысының құпия түрде жүргізілетінін хабарлаған.