Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісіндегі Үкімет сағатында Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Астанада салынып жатқан жаңа әуежай терминалы 1 маусымда алғашқы жолаушысын қабылдайтынын айтты.
«2015 жылы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында Астана әуежайындағы ұшып-қону алабы қайта жөндеуден өту жобасы мен жаңа терминал құрылысы жүзеге аса бастады. Біз осы жылдың 15 мамырында әуежайдың құрылысын толығымен аяқтауды жоспарлаудамыз. Өткен жылы Астана әуежайы 3,5 млн жолаушыға қызмет көрсеткен болатын. Жалпы 2016 жылы ТМД елдері арасында Астана, Алматы қалаларының әуежайы үздіктердің қатарына кірді», - деді министр. Оның айтуынша, «ЭКСПО» көрмесі аясында жаңа терминал қосымша 8 млн жолаушыны қабылдауға мүмкіндік береді.
Пікір қалдыру