Apple-дің жаңа iPhone моделі iPhone 8-ден көптеген қолданушыларды көңілсіз ететін хабар күнтәртібіне шықты деп хабарлайды Qamshy.kz.
АҚШ-та орналасқан технология алыбы Apple iPhone сериясының 10-ыншы жылында таныстыратын жаңа модель телефоннан қолданушылары көп жаңалық күтеді.
Алайда, бір сыбысқа қарағанда iPhone 8 тұтынушыларға көңілсіздік әкелейін деп тұр.
Жаңа бір мәліметке сай iPhone 8 қыркүйек айына үлгермейді. Басқаша айтқанда қолданушылар телефонның жаңа моделін біраз ұзағырақ күтеді.
Drexel Hamilton сарапшысы Brian White-тің Apple компаниясына жақын дереккөзге сүйеніп таратқан ақпараты бойынша, 5.8 экран кеңдігінде шығатын iPhone 8-де қолданылатын 3D технологиясымен байланысты қиындықтар себебімен телефонның лансманы қыркүйек айынан кейінге қалуы мүмкін.
Бұл туралы CNBC-ке сұхбат берген White iPhone 8-дің желтоқсан айына дейін сатылымға шығуы қиын екенін айтқан.
iPhone-ның жаңа моделі туралы әркім сан-саққа жүгірген жорамал жасап келеді. Ондайлардың ең ықпалдысы Apple-дің iPhone сериясын осымен аяқтайтындығы.
Тағы бір болжам болса iPhone7-мен бірге тұтас бір дәуір аяқталады. Жаңа iPhone болса 8 емес, iPhone Pro деп аталуы мүмкін. Дереккөздер iPhone Pro немесе iPhone-ның келесі нәсілі мүлдем жұқарып, басқаша сипатта жарық көреді дейді. Жаңа буын телефонда толықтай сенсорлы дисплей, физикалық кнопкасыз құрылым, қуатты камера сияқты ерекшеліктер болуы мүмкін.
Пікір қалдыру