Ломаченок: Салмақ дәрежесін жайдан-жай ойлап тапқан жоқ, оған Брук пен Головкиннің жекпе-жегі дәлел

/uploads/thumbnail/20170710013156978_small.jpg
WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы, 29 жастағы Василий Ломаченко (8-1, 6 КО) сегіз салмақ дәрежесі бойынша бұрынғы әлем чемпионы Мэнни Пакьяо (59-6-2, 38 КО) жұдырықтасудың мәнісін көрмей тұрғанын айтады, деп хабарлайды "Қамшы" ақпараттық агенттігі vesti.kz басылымына сілтеме жасап.

"Пакьяомен жекпе-жек туралы айтсам, оның бокстан кетуіне аз қалды. Мұндай жастағы жігітті ұрғым келмейді. Онымен жекпе-жекті қалау ессіздік болар еді. Оның өз жолы бар, менің өз жолым бар. Менің дивизионымда адам жетерлік, сонымен бірге, мен жеңіл салмққа ауысып, онда кім мықты екенін анықтауға болады", - деп келтіреді Ломаченконың сөзін Sporting News.

"Адамдар мені Пакьяомен салыстырады, бірақ, айырмашылық үлкен сияқты. Мэнни кәсіпқой боксқа 18 жасында келді және өзін дамыта берді. Сондықтан ол осы дәрежелердің бәрінен өтті. Мен 25 жасымда кәсіпқой рингке шықтым, буыным қатқан кезде. Дегенмен екі салмақ дәрежесін ауыстырдым, үшіншісіне ауысатын жоспарым бар. Маған дәл қазір 140 фунт салмаққа өту әділ болмас. Салмақ дәрежесін жайдан-жай ойлап тапқан жоқ. Келл Брук пен Геннадий Головкиннің жекпе-жегі мұны дәлелдей түседі. Брук бірден екі салмақ дәрежесіне көтерілді. Нәтижесін бәріңіз білесіздерә, - дейді украиналық боксшы.

Ломаченокның менеджері Эгис Климас салмақ ауыстыруға қатысты осы жекпе-жекті мысал етті.

Еске салайық, Головкин-Брук жекпе-жегі 2016 жылдың қыркүйегінде өтті. Британиялық боксшы екі салмақ дәрежесін бірден ауыстырған еді. Жекпе-жек бесінші раундта британиялық боксшының бұрышына орамал тасталған соң тоқтатылды. Кейін Головкин Бруктің көз қяшығын сндырып жібергені белгілі болды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар