Бүгін «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары «Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрген Елбасы мақаласынан алған әсерімен ой бөлісті. Еуразия ұлттық университетінің ғалымдары, оқытушылары және студенттерімен болған кездесуде бұл тақырып әңгіме арқауына айналды.
«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасарының айтуынша, қазақстандықтар, және ең алдымен зиялы қауым өкілдері ұлт руханияты мен оның құрамы деген мәселеге айрықша назар аударып келді. Бұл тақырып – қызықты ғылыми пікір алмасулардың, кейде тіпті ақындар, жазушылар, философтар, мемлекет және қоғам қайраткерлерінің арасындағы таластардың қайнар көзі болды.
«Мемлекет басшысының жаңа мақаласы қазақстандықтарды ұзақ уақыттан бері мазалап келе жатқан, біздің қоғамның «рухани беріктігіне» және ең бастысы, ұлттық идеяның мәнін қалыптастыруға қатысты бірсыпыра мәселелерге жауап береді», - деп толықтырды сөзін «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары.
Мұхтар Құл-Мұхаммед президенттің мақаласында көрініс тапқан маңызды тезистердің бірінен үзінді келтірді: «мемлекет пен ұлт құрыштан құйылып, қатып қалған дүние емес, үнемі дамып отыратын тірі ағза іспетті».
«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мемлекет басшысы жария еткен бірегей бағдарламалық құжаттың барша қазақстандықтардың жаппай қолдауына ие болатынына сенім білдірді.