Фермерлер сиырдың бүйірін тесіп қоятын болған. Себебі бұл шаруа қожалық иелері мен мал дәрігерлері үшін ыңғайлы екен. Тесік арқылы мамандар сиырдың ас қорытылуын бақылап отыра алады. Малдың денсаулығында қандай да болмасын ақау пайда болса, тесік арқылы оны түзете алады.

Сиырдың асқазаны өте күрделі. Олар жасұнақ арқылы қоректенеді. Бірнеше деңгейлі ас қорыту жүйесі мен ерекше микрофлора целлюлозаны қайта өңдеуге мүмкіндік береді. Десек те, сиырдың асқазаны басқа да күрделі ағза секілді жұмысы нашарлауы мүмкін. Бірден микроағза рационы өзгергенде, жаңа қорек түрін қорытуға ыңғайлана алмайды. Сол үшін сиырға орнатылған имплотант арқылы қорек мөлшерін бақылауға болады. Сонымен қатар, мал дәрігерлеріне микрофлора балансын тұрақтандырып отыруға мүмкіндік беріп, қандай жем сәйкес келітінін анықтай алады.

Сиырларға имплотанттарды орналастыратын мамандар, бүйіріндегі тесік жануарларға ешқандай ыңғайсыздық тудырмайтынын айтады. Кейбір шаруа қожалықтарында адамдарға тесікке қол сұғуға рұқсат беретін экскурсия бар.

Жануарлардың құқығын қорғайтын ұйымдар мұндай жағдайды дұрыс деп санамайды екен.

