Әлемдік сән агенттіктері егіз қыз үшін таласуда

/uploads/thumbnail/20170710021727598_small.jpg

Қазіргі таңда мінсіз болған күннің өзінде әдемі модельдермен ешкімді таң қалдыра алмайсың. Сондықтан әлемдік сән үйлері адам сұлулығының ерекше белгілерін іздеуде. Ал кейбіреулері аса сирек кездесетін альбинис егіздерді тапқан.

17000 баланың тек біреуі ғана альбинис болып туылуы мүмкін. Ал егіз альбинистердің туылуы тіпті сирек кездесетін жағдай.

Лару мен Марудың жасы 11-де. Бұл бразилиялық егіздер фотографтардың көзіне кездейсоқ ұшырасқан.

Әлемдік бірнеше сән журналдары мен брендтер оларды өз жұмыстарына шақырыпта үлгерген.

Егіздердің әпкесі бар, бірақ ол албинис емес.

Шейланың сыртқы бейнесі егіздерге қатты ұқсайды. Тек оның реңі қара болғандықтан, камераға егіздердің негативті көрінісі болып түседі.

Қыздар өз бейнелерін тамаша көрсете біледі. Және адам сұлулығының қаншалықты ғажап, тартымды болатындығын көрсетті.

Дайындаған Ақниет Төленді

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар