Ресейден алыстаймыз деп алаңдаған депутат кешірім сұрады

/uploads/thumbnail/20170710022235774_small.jpg

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Болашаққа бағдар. Рухани жаңғыру" атты мақаласында "Біз латын әліпбиіне көшуді бастаймыз" деген еді. Осыған қатысты көптеген қоғам қайраткерлері, тіл мамандары, депутаттар өз пікірін білдірді деп хабарлайды "Қамшы" ақпараттық агенттігі. Оның ішінде Қазақстан Коммунистік Халық партиясының мүшесі И.В Смирнова да бар. Ол латын әліпбиіне көшу арқылы біз орыс әлемінен алыстап кетеміз деген еді. 

"Мұндай жолмен Қазақстан орыс әлемінен алыстайды. Себебі, кириллица жойылса, бұл әліпби де жоғалады. Бұл мені жабырқатады" деді депутат. Осы айтқан пікіріне қатысты Ирина Владимирқызы түсіндірме берді. 

«Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуге қатысты айтқан пікірімді дұрыс жеткізе алмағаным үшін кешірім сұраймын. Мен латын әліпбиіне көшуді қолдаймын. Себебі ол өте қажет. Жаңа біліммен қарулануға мүмкіндік пайда болады. Латын әліпбиіне негізделген өзге тілдердегі заманауи әдебиетті оқи аламыз.  

Классиктердің шығармаларын латын әліпбиіне көшірудегі қиындықтар туралы қауіптенген едім» деп жазды депутат.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар