NASA ғарыш агенттігі Amazon Web Services серіктестігімен ғарыштан алғашқы рет 4K тұнықтығында тікелей көрсетілім жасауға дайындалып жатыр деп хабарлайды Qamshy.kz.
АҚШ-тың Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі ұлттық басқармасы(NASA) орталығы АҚШ-тың Seattle(Сиэтл) қаласында орналасқан бұлтты IT платформасы Amazon Web Services серіктесіп ғарыштан 4K сапалы тікелей эфир жасамақ.
Amazon Web Services-тің интернет бетінен жасалған мәлімдеге сай, 4K сапалы тікелей трансляция 26 сәуірде Астана уақытымен 23.30-да жүзеге асады.
Әлемнің шексіздігін көрсететін алғашқы 4K сапалы байланыс үшін Amazon Web Services-тің озық технологиялары пайдаланылатын болады.
Қызығушылық танытқандар тікелей эфирді көрсетілген уақытта https://live.awsevents.com/nasa4k сілтемесінен көре алады.
Пікір қалдыру