Қазақстанмен бірге Қырғызстан да латын әліпбиіне көшпек (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170710022754373_small.jpg

Қырғызстан депутаты Қаныбек Иманалиев қырғыздар кириллицадан бас тартып, латын әліпбиіне көшуі керек деп мәлімдеді. Бұл туралы «Қамшы» ақпараттық агенттігі хабарлайды politobzor.net-ке сілтеме жасап.

 

«Кириллица – бұл интеллектуалдық мұра. Әрине оны қолданамыз. Алайда біз ештеңеге қарамастан латын әліпбиіне көшуіміз керек. Оған уақыт пен технологияның дамуы қажет» деді депутат.

 

Қаныбек Иманалиев латын әліпбиіне түбегейлі көшу үшін мемлекеттік бюджетте әзірше ақша жоқ екенін де айтып өтті.

 

«Латын әліпбиіне көшу үшін қомақты қаражат керек. Бізде ондай ақша жоқ шығар. Алайда біз де 2030-2040 жылдарға қарай латын әліпбиіне көшуіміз керек. Оған дайындықты қазірден бастау керек».

 

Айта кетейік,  Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында Қазақстанның латын әліпбиіне көшетіндігін жазған.

 

«Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық орта­ның, ком­муникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасыр­дағы ғылы­ми және білім беру процесінің ерекше­лік­теріне байланысты. Мектеп қабырғасында балаларымыз ағылшын тілін оқып, латын әріптерін онсыз да үйреніп жатыр. Сондықтан, жас буын үшін ешқандай қиындық, кедергілер болмақ емес. 2017 жылдың аяғына дейін ғалымдардың көмегімен, барша қоғам өкілдерімен ақылдаса отырып, қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдау керек. 2018 жылдан бастап жаңа әліпбиді үйрететін мамандарды және орта мектептерге арналған оқулықтарды дайындауға кірісуіміз қажет. Алдағы 2 жылда ұйымдастыру және әдістемелік жұмыстар жүргізілуге тиіс. Әрине, жаңа әліпбиге бейімделу кезеңінде бел­гілі бір уақыт кириллица алфавиті де қол­даныла тұрады» деп жазды Нұрсұлтан Назарбаев.

 

 

Қатысты Мақалалар