Кезекті жекпе-жегіңізге дайындық қалай жүріп жатыр?
Жекпе-жекке аз ғана уақыт қалды. Тайландта дайындалып жүргеніме үш ай болды. Барлығы өзімнің жоспарлағанымдай өтіп жатыр. Көптеген Еуропадан ЮФС және басқа да мықты тұжырымдардың чемпиондарымен спарринг жасап, күресіп, бірге дайындалып жатырмын. Жаттығу өте керемет өтуде.
Қарсыласыңызды зерттеп үлгердіңіз бе?
Могомедсайгид Әлібековты барынша зерттедім. Қарсыласым осал емес. Ол сегіз жекпе-жек өткізіп, барлық қарсыласын уақытынан бұрын жеңген. FIGHT NIGHTS тұжырымы бойынша чемпион.
Сіздің Головкин туралы жазған инстаграм желісіндегі жазбаңыз үлкен шу туғызды. Бұл жарыс алдында өзіңізге жасалған жарнама ма?
Бұқаралық ақпарат құралдарында және халық арасында менің сөзімді жарнама ретінде қабылдағандары көп болды. Шын мәнісінде ол пиар емес. Спортшы ретінде біз рингке шығып көргенбіз. Сондықтан, кімнің қалай өнер көрсеткені айқын көрініп тұрады. Анықтап қарасаңыз, жекпе-жектің тең аяқталғанын байқауға болады. Менің айтқаным тек шындық және ол менің жеке пікірім. Отандасы болғаннан кейін Головкинді барлығы қолдайды.
Төрешілер тек ақшаны ойлап, көп ақша табудың жолын іздемей, шын баға бергенде, жарыс тең аяқталар еді.
Сіз көбіне шетелде дайындаласыз. Бұл өз елімізде жаттығуға мүмкіншілікің жоқтығынан ба?
Көбіне шетелде дайындалатыным рас. ММА түрі, спорт клубтары шетелде жақсы дамыған. Мен елімнің намысын қорғап, шетелде қазақ елінің туын көтеріп жүргендіктен жоғары дәрежелі спортшылармен қатар дайындалуым керек. Қазақстанда ондай спортшылар аз. Сол себепті, шеберлігімді арттыру үшін шет мемлекетте жаттығамын.
Алдағы жоспарыңызбен бөліссеңіз?
Осы жолы Алла қаласа FIGHT NIGHTS тұжырымы бойынша әлем чемпионы болуды мақсат тұттым. Ол мұратыма жеткеннен кейін келесі жекпе-жегімді Алматы қаласында, Алматы Арена залында өткізсем деген жоспарым бар. Бұйыртса, ол жекпе-жекті «Казспорт», «Боец тв», «Матч тв» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетеді. Алла қаласа, жеңіске жетіп жатсам қолыма микрофонды алып алдағы жоспарыммен барша халықпен бөлісемін. Тек жақсы жаңалық күтіңіздер!