Елбасы мақаласына орай. "Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты - сол ұлттық кодыңды сақтай білу." Тауып айтылған сөз. Қазіргі кездегі ұлттық, тарихи, жалпы болмысымызға сай келмейтін, мейлі батыс болсын, мейлі басқа болсын, мына жас буынның еліктеуіне тосқауыл болатын дүние екен.
Бәсекеге қабілеттілік IT - технологиясын, шет тілдерін меңгеру, мәдени ашықтық бұл жөнінде дау жоқ. Жалпы біздің ұлттың, бұл тармақтарды сөзсіз жұтып аларына сенімдімін. Тек, жағдай жасап беру керек. Мәселен: Тіл мәселесіне байланысты орталықтар ашылсын, ақысы қарапайым халытың қалтасы көтеретіндей болсын. Оған қоса ірі кәсіп орындарына, компанияларға, корпорацияларға мемлекет жүктесін, жыл сайын 20-25 адамға ағылшын тілін үйретсін, кіші кәсіп орындары жақсы жұмыс істеген кісіні тегін оқытсын. Бұл да көрсеткіш болар еді. Ерлан Қарин мырза бастаған "Шерлок Холмс" жобасы сияқты, еліміздің арналарында жалғасын тапса. Кеше жалақысы көтерілген депутаттар үлгі көрсетіп, 1-2 қарапайым ұстаз жалдап 1жылға өз ауылдарына жібертсек. Туған жер мәселесіне кіріп кетер еді.
"Прагматизм- өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны ысырап етпеу мен үнемді пайдалану." Сол байлықтан азғантай үлес тимеген соң, ұлттық байлықты қара халық ойлаудан қалған. Ал ысырап етпеу мен үнемді пайдалану сол ұлттық байлықтың бұл дүниеде қызығын көріп жүргендерге тиісті айтылған болу керек.
Білім алу, болашақ бағдарламасы ел басының елдің болашағына алаңдауы ғана емес, жалпы әлемге кім екенімізді көрсету, бәсекеге қабілетті болу саясаты. Бұл үлкен қолдау, үлкен үміт. Сол үмітті ақтап жатқандарда бар.
"Өзіміздікі ғана таңсық, өзгенікі қаңсық"- бұл кері тартпа сөзсіз. Сананың ашықтығы алға қоятын түйсік. Дамыған елдердің жетістігін мойындай, олармен ортақ тілде, ашық әңгіме өрбітіп, тәжірибе ала отырып солардың қатарына қосылу керек деп түсіндім. Онсыз болмасын бәріміз мойындап отырмыз.
Латын әріптерін енгізу, бұл ең алдымен құлдық санадан арылу көрінісі деп бағалаймын, және алға қойған нақты мақсаты бар ел ретінде алға жылжу.
Кітап аудару жобасы керемет дүние. Сол аударылым кезінде мазмұндық сапасына көңіл бөлінсе, мейлі қай тілден аударылса да. Себебі көп жағдайда, жоғарғы оқу орындарында болашақ инженерлерге, орыс тілінен тікелей аударылған кітаптарды түсіну, қиынға соғады.
"Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы". Ұлттық санаға әсер етпей қоймасы анық. Көзбен көріп, қолмен ұстап тұрып тарихтан әсер алып, алға басатын қадамдарымыз нық, сенімді болуына өз үлесін қосатын бірден-бір жоба. Оны шет елдерге, заманауи үлгіде таныту, біздің қасиетті халықтың даналығына, қайсарлығына, батырлығына таңырқайтындары сөзсіз.
Қазіргі заман батырларын насихаттау, жақсылыққа итермелеу болар еді. Әділет Имамбеков сияқты, ерте озса да дүниеден, әлемді мойындатқан физик. Міне үлгі.
Жаңғыру қазіргі заман талабына сай болу, қалай айтсақ та керек дүние. Өз тағдырымыз өз қолымызда. Десек те билік пен халық арасын әлі де болса жақындату керек. Бір-бірімізді тыңдамай, ақылдаспай істелген дүние наразылық әкелерін көрдік. Бұл бізді артқа тартары анық. Елбасын халық қолдайды. Жаңғыру, осы заман талабына сай азамат болу, маман болу, кәсіпкер болсақ та әр қазақ баласына міндеттелген жүк болмақ.