Қазақ телевизиясының тарлан тұлғалары кімдер? (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170710024718828_small.png

Қазақстан ұлттық арнасының жексенбілік «Апта» сараптамалық хабарында Қазақ телевизиясының кесек тұлғалары аталды деп хабарлайды Qamshy.kz

Бағдарлама жүргізушісі бірнеше апта бұрын Қазақстанға келіп тренинг өткізген ресейлік журналист Соловьёв туралы айта келіп, оның тренингіне қатысып шыққан соңғы кәсіпкер, журналист Арманжан Байтасовтың «Қазақстанда Соловьёв секілді сайрайтын телеарнада профессионал тұлға жоқ, онымен тіпті иық тірестіріп тұрып айтыса алатын тележұлдыздарыңызды айтыңдаршы қане?» деген пікіріне тоқталады.

«Не дейін, ол рас, дәл Соловьёвтей шовинист, дәл Соловьёвтей іріткі салғыш, дәл Соловьёвтей өз ұлтының үстемдігін насихаттайтын журналист расымен де бізде жоқ. Есесіне біздің телеарналарда парасаттылығы мен білімі ой-өрісі мен мәдени өлшемі Соловьёвтен әлдеқайда биік тележурналистер жетіп артылады. Тек, олардың бағасын өзіміз біле бермейміз, білсек те кейде мойындамаймыз. Бүгін біз дәстүрлі «Рейтинг» айдарының орнына Қазақстан телевизиясының дамуына сүбелі үлес қосқан, ұлттың ұлт болып ұйысуына өзіндік еңбегін сіңірген әріптестеріміздің еңбегін тағы бір атап кетуді жөн көрдік», - дейді жүргізуші Мұхтар Түменбаев.

Қатысты Мақалалар