Түркия президенті Ердоған өлім жазасын қайта енгізбек

/uploads/thumbnail/20170710024809677_small.JPG

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған жақын уақытта өлім жазасы жайында мәселені қайта көтеретінін мәлімдеді, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі.

Түрік көшбасшысы бұл жайында Ыстамбұлдағы резиденциясы алдына жиналған халықтың алдында уәде етті.

Ыстамбұлда өзіне қошемет білдірген халық алдында сөз сөйлеген Ердоған премьер-министр Бинали Йылдырыммен және ұлтшыл оппозиция көшбасшысымен өлім жазасын қайтару мәселесін «дереу» талқылайтынын мәлім етті.

Атап өтілгендей, мұндай қадам Түркияның Еуропалық одаққа ену туралы келіссөздерінің оң нәтижесіз қалатынын білдірер еді. Жексенбі, 16 сәуір күні өткен референдумда Түркия конституциясының 18 бабына өзгерістер енгізу қажет пе деген мәселе қаралды.

 Халық өзгерістерді құптаған жағдайда премьер-министрдің қызметі қысқарып,  президент вице-президенттер мен министрлерді, жоғары лауазымды шенеуніктерді өз еркімен тағайындай алады. Одан бөлек, президент төтенше жағдай жариялау және парламенттің басым даусымен ғана күші жойылатын жарлықтарды шығару құқығына ие болады. Ресми деректерге сәйкес, бюллетеньдердің 98 пайызын өңдеу қорытындысы бойынша, дауыс берушілердің 51,3 пайызы өзгерістерді енгізуді құптаған, ал 48,59 пайызы қарсы дауыс берген. 

Қатысты Мақалалар