БҰҰ жанындағы Балалар қорының директоры Энтони Лейк Сириидағы автобустар колоннасында жанында жасалған терактты қанішерлердің ісі деп айыптады, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.
Сириядағы Алеппо Рашидин қаласындағы автобустар колоннасының жанында болған жарылыстан 60-тан астам бала қаза тапқан. Бұл туралы БҰҰ ЮНИСЕФ қорының басшысы Энтони Лейк хабарлады.
«Бізге түскен мәліметтер бойынша Алепподағы жарылыста 96 адам қайтыс болған. Оның 60-тан астамы бала. Автобуста онсызда талай қиындықты көрген отбасылар келе жатқан. Олар тағы да ең жақын адамдарының қазасын көрді», - делінген жазбаша мәлімдемеде.
Жарылыс сенбі күні кешке болған. Автобустарда Идлиб провинциясындағы Эль-Фуа және Кефраи ауылдарынан эвокуацияланған отбасылар отырған.
Теракт автобустар жанармай бекетіне келіп тоқтаған тұста балаларға арналған заттар мен азық-түлік тасушы көліктердің жанында жасалған. Нәтижесінде үлкен өрт шыққан. Жергілікті Al Mayadeen телеарнасының хабарлауынша, 96 адам қайтыс болып, жүзден астам адам ауыр жараланған.