Түркияда президенттік сайлау жүйесіне көшуге байланысты референдум болып жатқан кезде Диярбақыр айлағының Ябанарды ауылында екі топқа бөлінген адамдар арасында атыс орын алған. Атыстың салдарынан екі адам көз жұмды, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, атыс сайлау учаскісі орналасқан мектеп көшесінде болған. Алдын-ала болжам бойынша, бұл оқиғада екі топ екі түрлі саяси пікірді ұстанған.
Референдум кезінде 167 мыңнан астам сайлау учаскілерінде 55,3 миллионнан астам тұрғын дауыс берген. Өзге елде тұратын түріктер мерзімінен бұрын дауыс беріп қойған екен. Референдум кезінде қауіпсіздік қызметі күшейтіліп, 380 мың полиция қызметкерлері елдің тыныштығына жауапты болған.
Референдум нәтижесі бойынша, Түркия Конституциясындағы 18 баптың өзгеруіне сәйкес, президент мемлекеттік жүйені басқаруды өз қолына алып, вице-президент пен министрлерді өзі тағайындау құзіреттілігіне ие болады.