Қазақ емеспіз... Қоңырат, Найман, Дулатпыз, ата-ата болып атысып жатқан дуракпыз

/uploads/thumbnail/20170710024910569_small.jpg

 

Шындыққа мылқау, өсекке шешен ел едік,
Несіне бізден сұрайсың қалқам, төрелік?..
Жақсыны жапан далада жалғыз қалдырып,
Жаманды қайта өтірік даңққа бөледік.

Жабының айлап күшеніп тапқан ұйқасын,
Жабыла мақтап, шымырлатамыз құйқасын.
Уәжге жоқпыз, уәдеге тоқпыз бөстекі,
Құдайым қайтіп маңдайымыздан сыйпасын?!

Жұмысқа жалқау, құмармыз көкпар шабуға,
Ат қосып былай... еңбексіз табыс табуға?!
Жұма намазда жұдырықтасып қаламыз.
Хақымыз бар ма Құдайға біздің жағуға?!

Қазақ емеспіз... Қоңырат, Найман, Дулатпыз,
Ата-ата болып атысып жатқан дуракпыз!
Үш ұйқасы үш жаққа тартқан шумақпыз,
Бытырап жүріп қалайша жауды қумақпыз?!

Қаныбек Сарыбаев

 

Қатысты Мақалалар