ШҚО 14 жастағы мектеп оқушысы өзіне қол жұмсады деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі YK-news.kz-ке сілтеме жасап.
14 жастағы қыз Гагарин көшесінде орналасқан 10 қабатты үйден секірген. Расталмаған ақпаратқа сәйкес, қыздың жанында құрбысы болған. Әлеуметтік желіде қыздың таныстары оның мұндай қадамға жеке мәселелерінің салдарынан барғанын айтады.
ШҚО ІІД қыздың өзіне қол жұмсағанын растады. Алайда анық-қанығын айтпады.
«ҚР ҚК 105 бабы бойынша (суицидке дейін жеткізу) сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды» деп хабарлады ведомстваның баспасөз қызметі.
Қайтыс болған қыздың жақында туған күні болуы керек еді.