8 жастағы бүлдіршінді педофилден құтқарып қалған жас жігіт марапатқа лайық деп танылды

/uploads/thumbnail/20170710025012664_small.png

14 сәуір күні 8 жастағы бүлдіршін маскүнемнің құрбанына айналуға шақ қалды. Алайда, жалпы жұртқа белгілі болғандай, 17 жастағы Тимур есімді азамат қыздың өміріне араша түсіп, қылмыскерді қолға түсіруге едәуір көмегін тигізген. Бұл жайында барша интернет желісіне таралып, ерлік жасаған жас жеткіншек елдің ықыласына бөленуде. Педофилдер көбейіп, сәби зорлау ісі – бүгінгі таңда өршіп тұрған мәселе, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.

«Мен бұл баланың есімін ғана білемін – Тимур. Оны өз көзіммен көргенім жоқ, алайда ол өте батыл әрекет жасады. 14 сәуір күні кешкі 18:00 шамасында Қонаев атындағы мектептің жоғарғы сынып оқушысы үлкен бәленің алдын алып, кішкентай бүлдіршіннің өмірін, болашағын құтқарып қалды. Өз өмірін қатерге тіге отырып, зорламақ болмақ педофилден бүлдіршінді арашалап алды. Бүкіл ел тануға тұрарлықтай жігіт. Құзырлы орындар бұл жігітті байқап, көп адамның қолынан келе бермейтін батылдығы үшін марапаттау дұрыс болады. Қазіргі қоғамда өмір сүріп жатқан адамдар адамдығын жоғалтқан, сол бүлдіршіннің жанынан өтіп бара жатқан көптеген үлкен кісілер көмек қолын созбады. Ал бұл жігіт кішкентай қыз көмекке шақырып, айқайлағанда ойланбастан қызға көмекке жүгіріп, құтқарып қалды», - деп жазады Facebook қолданушысы Ислам Кураев өзінің жеке парақшасында.

Деректерге сәйкес, полиция қызметкерлері сегіз жастағы бүлдіршіннің өмірін құтқарып қалған Тимурды марапаттауға қатысты шешім қабылдамақ.

Естеріңізге сала кетсек, Еңбекшіқазақ ауданында жантүршігерлік оқиға орын алуға шақ қалды. Ащы суды ішіп алған маскүнем сегіз жастағы қызға тап беріп, оны зорламақ болған. Алайда, мектеп оқушысының батыл іс-әрекетінің арқасында кішкентай қыз аман қалды. Аталмыш оқиғаға қатысты Тимур: «Менің орнымда басқа біреу болса, ол да дәл менің іс-әрекетімді қайталайтын еді», - дейді.

Қатысты Мақалалар