Төтенше жағдайлар комитеті құтқару жұмыстарын белсенді атқарып жатыр (ФОТО)

/uploads/thumbnail/20170710024958320_small.jpg

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті су тасқыны бойынша алдын алу, құтқару жұмыстарын жасап жатыр деп хабарлайды Qamshy.kz

Қазірге дейін, Ақтөбе облысында Ілек өзеніндегі су деңгейінің көтерілуі салдарынан «Госсветсеть», «Қарғалы» және «Ақсуат» бау-бақша ұжымдарында саяжай үйлері мен аула аумақтарын су басты. 300-ге жуық адам эвакуацияланды. 2 орта мектеп базасында 12 эвакуациялау пункті орнатылды, онда 53 адам, оның ішінде 12 бала бар, 248 адам туыстарының үйлеріне орналастырылды.

Аула-ауланы аралау жұмыстары жүргізілді, Ілек өзенінің екі жағалауында да құлақтандыру топтары жұмыс жүргізуде, қоғамдық тәртіп күзеті қызмет көрсетуде. Әлеуметтік желі, теледидар арқылы халықты құлақтандыру жұмыстары, смс-тарату жұмыстары да жүргізілді. Бақылау бекеттері тұрғызылды.

Су тасқынын жоюға ТЖК бөлімшелерінен, Ұлттық ұланнан, жергілікті полиция қызметі мен жергілікті атқарушы органдарынан 500-ге жуық адам және 124 бірлік техника жұмылдырылды.

Ақмола облысының Аршалы ауданында жүргізілген су тасқынына қарсы іс-шаралар болса, Түрген ауылы мен Разъезд 42 станциясында тасқын сулардың өтуін бақылауға мобильді бекеттер тұрғызылды.

Жібек жолы ауылында 2 эвакуацияланған адамдарды қабылдау пункті дайындалды, олар 400 адамға арналған Новоалександровский орта мектебі және 2500 алмаға арналған Құтпанұлы атындағы мектеп. 5 автобус дайындалды.

Гидротехникалық құрылысқа тәулік бойы мониторинг жүргізілуде. «Безымянная» бөгетіне 120 тонна ұсақ тас жеткізілді.

Волгодоновка ауылында Есіл өзенінде қойылған белгіге тәулік бойы мониторинг жүргізілуде.

Разъезд 42 станциясында Астана су қоймасынан суды авариялық ағызу салдарынан 10 ауланы су басты. Бөгеннің төменгі жағында құтқарушылар құм салынған қаптар төседі. 22 адам эвакуацияланды.

Төтенше жағдайлар комитеті 2017 жылғы 17 сәуірде «Хабар» телеарнасының ресми сайтында «Ақмола облысының Сандықтау ауданында 700 астам адам эвакуацияланды» атты материал жарияланған.

Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті Ақмола облысы Зеренді ауданы Айдабұл ауылында бөгеттің жарылғаны туралы ақпаратты растамайды.

Сонымен қатар, Айдабол а. бөгетінде су деңгейінің жоғарылауына байланысты, бөгеттің денесі арқылы (биіктігі 2 м сыни белгілерге жетті) аса бастағанын хабарлаймыз. Қалыптасқан жағдайға байланысты Айдабол а. бөгетінің жағалауында орналасқан 10 тұрғын үйлерді су бас қауіпі және бөгеттің денесін (бөгеттің 3 участкесін шаюы пайда болды) шайып кету қауіпі туындады.

Тұрғын үйлерді су басуын және бөгет денесін шайып кетуін болдырмау мақсатында, жергілікті атқарушы органдары және ауданның төтенше жағдайлар бөлімімен еріген қардың суын түсіру үшін, бөгеттің денесіне арна қазу шешімі қабылданды.

Қарағанды облысында да тасқынмен күрес жұмыстары қарқынмен жүріп, апат-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Оған 1663 адам, 555 техника тартылып, Бұқар жырау, Қарқаралы, Абай, Шет және Осакаров аудандарындағы жағдай бақылауға алынған. Айта кетейік, Қарағанды облысында су тасқыны басталғалы 1453 адам қауіпсіз жерге көшірілді. 24,4 шақырымнан астам жерге үйінді жасалды, 10,5 км жуық қорғайтын бөгеттер мен дуалдар қойылып, 1264,5 шаршы метр су сорғытылды.

Сондай-ақ, 2017 жылғы 14 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Антон Федяев, Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Павел Филиппов су тасқын жағдайының мониторингі мақсатында, көктемгі су тасқын және су басуға бейім облыстың аумақтарын ұшып аралап шықты.

Бұл іс-шараға СҚО ТЖД бастығының орынбасары Ерік Сарыбаев, Есіл ауданының әкімі Мұратбек Әбішев, Тайынша ауданының әкімі Ержан Иманіслям да қатысты.

Қатысты Мақалалар