Башар Асадтың әйелін Британия азаматтығынан айыруы мүмкін

/uploads/thumbnail/20170710025138946_small.jpg

Британдық депутаттар Сирия президентінің жары Асма Асадты Британия азаматтағынан айыруды талап етуде, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.

41 жастағы Асма Асад Лондонда дүниеге келіп, білім алған. 2000 жылы өзінің тарихи отанына оралып, Башар Асадқа тұрмысқа шыққан.

Сирияның бірінші ханымының әлеуметтік желілерде аккаунттарында мыңдаған оқырмандары бар. Өз жазбаларында ол жұбайының іс-әрекеттерін жақтайды және батыстық саясатты сынға алады.

Telegraph газетінің жазуы бойынша, британдық депутаттар: «Егер Асма Башар Асадтың іс-әрекетін жақтауын тоқтатпаса, үкімет оны Британия азаматтығынан айыруы керек. Немесе оның жазбаларының Біріккен Корольдіктерге зияны жоқтығын дәлелдеуі керек», - деп мәлімдеген.

«Бізге Асадты жан-жақты қысымға алатын уақыт келді. Тіпті ол үшін оның айналасындағы Асма сынды адамдарды пайдалану керек. Себебі оларда әскери қылмыс жасаушы машинаның бір бөлшектері», - дейді өз сөзінде консерватор Надим Захави.

Telegraph газетінің хабарлауынша, ішкі істер министрлігі Асма Асадты еш қиындықсыз азаматтығынан айыра алады. Себебі оның екі бірдей азаматтығы бар.

Британия ішкі істер министрлігі мұндай жекелеген жағдайларды қарастырмайтындығын айтқан.

Еуро одақ Асма Асадқа санкция жариялаған болатын. Оған ЕО аймағына кіруге тыйым салынған және барлық қаржылық активтері бұғатталған. Британия азаматы болғандықтан ол тек осы елге емін-еркін кіре алады.

Бұл тақырып 2012 жылы да көтерілген болатын. Алайда ішкі істер министрлігі нақты шешімге келмеген.

4 сәуір күні Хан-Шейхунде болған химиялық жарылыс бұл тақырыпты қайта қозғауға түрткі болып отыр. Себебі БҰҰ 89 адам қайтыс болған шабуылға Башар Асадты айыптап отыр. 

Қатысты Мақалалар