Анна Болейн

Анна Болейн Генрих VIII екінші әйелі. Оның 11 саусағы және үш омырауы болған. Тарихшылардың айтуынша, оның артық саусағы көп адамда кездесетін құбылыс, алайда үшінші омырауы болмаған. Мұндай қауесетті оның дұшпандары таратуы әбден мүмкін.
Антонио Альфонсека

Американдық бейсбол лигасының ойыншысы Антонио Альфонсеканың әр қолында алты саусақтан бар. Дегенмен, мұндай артық дене мүшесі оның бейсбол ойнауына еш кедергі келтірмеген.
Марк Уолберг

Танымал актер Марк Уолбергтің сол жақ кеуде тұсында үш емізігі бар. Өз карьерасын бастап жатқан кезінде актер бұл артық дене мүшесінен арылмақ болған, алайда райынан бас тартып, кейіннен үйренісіп кеткен.
Үндістандық еркек

2006 жылы 24 жастағы үндістандық еркек Нью-Дели қаласындағы ауруханалардың біріне барып, артық жыныс мүшесін алдырмақ болған. Ол үйленіп, толыққанды отбасын құруды арман еткен. Мұндай жағдай өте сирек кездеседі.
Ребека Мартинес

Паразитарлы краниопаг – бұл дегеніміз бала туылғанда өзінің паразитарлы егізінің басымен бірге туылады. Сиам егіздерінде жиі кездесетін жағдай, алайда қосымша баста ми болмайды.
Екі басты қыз

Жоғарыда атап өткен жағдайға өте қатты ұқсайды. Алайда, палицефалия құбылысында бала екі толық баспен дүниеге келеді. Жануарлар дүниесінде мұндай құбылыстар болып тұрады, алайда адамдарда болған мұндай жағдайларды сиам егіздері деп атайды.
Әйел адам ер адамның ішінде

Гермафродитизм – әйелдің де, еркектің де жынысымен туылатын құбылыс және мұндай жағдайлар жиі орын алып жатады. Бүкіл әлемдегі халықтың 1 пайызы осындай аурумен дүниеге келеді.
Үш қолы бар бала

2006 жылы Қытайда Джи Джи есімді үш қолы бар бүлдіршін дүниеге келді. Барлық қолдары да икемді, дұрыс жұмыс істеп тұрғанына қарамастан, Шанхай қаласында дәрігерлер баланың артық қолын ота жасау арқылы алып тастаған. Олардың айтуынша, үшінші қол дұрыс дамымай келеді екен.
Фраческо Лентини

Фраческо Лентини 1889 жылы үш аяқпен және екі жыныс мүшесімен дүниеге келген. Алайда Джи Джи секілді оның артық дене мүшелерін алып тастау мүмкін болмады.
Төрт аяқты қыз

Жозефин Миртл Корбин 1868 жылы дүниеге келген. Бұл ерекше қыздың екі бөлек денесі мен төрт аяғы болған. Лентини секілді Жозефин де өте танымал болған, оны «Техастың төрт аяқты қызы» деп атаған.
Бетти Лу Вильямс

1932 жылы кедей отбасында дүниеге келген Бетти 12 баланың ең кенжесі. Оның денесіндегі артық аяқ-қолы болмаса, дәрігерлердің айтуынша, денсаулығы өте жақсы болған. Бетти 2 жасынан бастап өзінің денесіндегі ерекшелігінің арқасында ақша таба бастады. Кейіннен отбасын асыраған Бетти 23 жасында демікпе ауруынан қайтыс болған.
Екі денелі адам

20 ғасырдың тағы бір ерекше жұлдызы 1884 жылы Римде дүниеге келген Жан Либбер есімді ер адам болды. Оның ішінде паразитарлы егізі өскен. Суретте көріп тұрғандай, Либбердің денесінде 18 сантиметрлі және ішіне жабысып қалған басымен оның егізі өмір сүрген. Ол 1934 жылы 50 жасында көз жұмды.
Ханна Керси

Бұл әйелді сыртынан көріп өзге адамдардан еш айырмашылығы жоқ деуге болады. Алайда, бұл әйелдің екі жатыры болған, мұндай құбылыс мың адамның бірінде ғана кездеседі екен.
Аударған: Назерке Лабихан